AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Айдос Сарым: Алтынбек кезінде өте кекшіл адам болд...

Айдос Сарым: Алтынбек кезінде өте кекшіл адам болды...

Әлеумет 26.03.2025, 23:58 899 Bakyt
Айдос Сарым: Алтынбек кезінде өте кекшіл адам болды...
Сурет видео скрині

Белгілі саясаттанушы әрі Мәжіліс депутаты Айдос Сарым мемлекет және қоғам қайраткері Алтынбек Сәрсенбайұлының өліміне қатысты өз пікірін білдірді. «Sadaq media» арнасына берген сұхбатында ол бұл қылмысқа Нұрсұлтан Назарбаевтың қатысы бар деген тұжырымды негізсіз деп атады, деп хабарлайды aqshamnews.kz

— Бұл оқиғада Назарбаевты айыптауға дәлел жоқ. Рас, кезінде Рысбек Сәрсенбаев ағамыз эмоциямен біраз пікір айтты, әлі де айтып жүр. Бірақ әділет болуы үшін нақты айғақ керек. Назарбаевтың аты жанама түрде аталғанымен, оны нақты дәлелдеген ешкім жоқ. Мен өз басым бұл іске Рахат Әлиевтің қатысы болуы мүмкін деп есептеймін, – деді Айдос Сарым.

Депутаттың айтуынша, ол кезінде Алтынбек Сәрсенбайұлымен тығыз жұмыс істеген, көптеген құжаттарын әзірлеуге атсалысқан.

— Алтынбектің қасында жүрген Рысбек емес, мен болдым. Сондықтан бұл — менің де жеке тәжірибем мен байқағандарым, – деді ол.

Сонымен қатар, Сарым марқұм саясаткердің мінезіне де тоқталды.

— Алтынбек кезінде өте кекшіл адам болды. Көп адамды ұнатпайтын. Мәселен, Серік Әбдрахманов пен Балташ Тұрсынбаевты жақтырмайтын. Бірақ уақыт өте келе өзгерді. Өмірінің соңғы кезеңінде бұрынғы реніштерін ұмытып, көпшілікпен татуласып, сабырлы бола бастады, – дейді депутат.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Алтынбек Сәрсенбайұлы #Айдос Сарым #Sadaq media
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Грант, сыйлық, шәкіртақы: дарынды жастардың дамуына жол ашатын бастамалар

Кеше 21:08

Параатлеттер Astana Half Marathon жарысына қатысты

Кеше 21:04

Прокуратура суық қаруға қатысты заң талаптарын еске салды

Кеше 15:26

«Таза Қазақстан»: Astana Half Marathon аясында ерекше экологиялық акция ұйымдастырылды

Кеше 15:06

Жаңа музыкалық толқындағы бес жыл: Алматыда мерейтойлық BEU Fest фестивалі дүркіреп өтті

Кеше 14:46
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);