Freedom Референдум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • Референдум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • Референдум
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Спорт / ӘЧ іріктеу кезеңі: ұлттық құрамаға шақыртылған фут...

ӘЧ іріктеу кезеңі: ұлттық құрамаға шақыртылған футболшылар белгілі болды

Спорт 07.10.2025, 16:41 452
ӘЧ іріктеу кезеңі: ұлттық құрамаға шақыртылған футболшылар белгілі болды
Сурет: ҚФФ

Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкерінің міндетін атқарушы Талғат Байсуфинов Әлем чемпионаты–2026 іріктеуінің қазан айындағы матчтарына шақырылған футболшылардың соңғы құрамын таныстырды, - деп хабарлайды Аqshamnews.kz тілшісі. 

Шақырту алған қақпашылар: Стас Покатилов («Сабах», Әзербайжан), Мұхамеджан Сейсен («Астана»), Бекхан Шайзада («Ордабасы»), Қажымұқан Төлепберген («Оқжетпес»).

Қорғаушылар: Сергей Малый, Сұлтанбек Астанов (екеуі де «Ордабасы»), Әлібек Қасым, Багдат Каиров (екеуі де «Ақтөбе»), Ян Вороговский («Астана»), Нұралы Әліп («Зенит», Ресей), Наурызбек Жағоров («Тобыл»), Сағи Совет («Женіс»), Әділбек Жұмаханов («Елімай»), Дінмұхаммед Қашкен («Жетісу»), Арсен Аширбек («Оқжетпес»).

Жартылай қорғаушылар: Даурен Жұмат («Оқжетпес»), Исламбек Қуат, Дінмұхамед Қараман (екеуі де «Женіс»), Рамазан Оразов, Алмас Төлюбай (екеуі де «Елімай»), Ислам Чесноков («Тобыл»), Бақтиер Зайнутдинов («Динамо» Мәскеу, Ресей), Муроджон Халматов («Ордабасы»), Дамир Қасабулат («Қайрат»), Георгий Жуков («Ақтөбе»).

Шабуылшылар: Артур Шушеначев («Ақтөбе»), Максим Самородов («Ахмат», Ресей), Дастан Сәтпаев («Қайрат»), Иван Свиридов, Ғалымжан Кенжебек (екеуі де «Елімай»).

Жаттықтыру штабы: Талғат Байсуфинов – бас бапкер м. а. ; ассистенттер: Иван Азовский, Марат Еслямов, Әли Алиев, Елдос Ахметов; қақпашылар жаттықтырушысы – Олег Воскобойников; физдаярлық жаттықтырушысы – Максим Зуев; талдаушы – Моғамед Нозадзе; дәрігер – Нұрлан Биттуғұлов; физиотерапевт – Алексей Михайлов; массажистер – Евгений Карнаухов, Алексей Гудзев, Ақмұрат Ақшабаев; нутрициолог – Полина Силинская; Ұлттық құрамалар департаментінің директоры – Руслан Балтиев; менеджер – Қуаныш Мұханбет; кит-менеджер – Максим Шауберт; видеооператор – Елдар Ермеков.

Қысқартылған тізімнен тыс қалғандар: Қорғаушылар: Сағдат Тұрсынбай («Ордабасы»), Александр Зуев («Тобыл»), Александр Мрынский, Еркін Тапалов (екеуі де «Қайрат»); жартылай қорғаушы: Серікжан Мұжықов («Оқжетпес»); шабуылшылар: Оралхан Өміртаев («Ақтөбе»), Айбар Жақсылықов («Қайсар»), Алияp Мұхамед («Оқжетпес»), Рамазан Каримов («Астана»).

Еске салайық, бұған дейін «Қайрат» форварды Дастан Сәтпаевтың шап жарақатына байланысты оқу-жаттығу жиынын және қазан айындағы ойындарды өткізіп алатыны хабарланған болатын. Ордабаев оның жарақатына байланысты пікір білдірген еді. Айта кетейік, Қазақстан құрамасы 10 қазанда өз алаңында Лихтенштейнге қарсы және 13 қазанда Солтүстік Македонияға қарсы сырт алаңда ойын өткізеді. 

Телеграм арнаға жазылыңыз
#футбол #Ұлттық құрама
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Елімізде жеке детективтер институты болуы мүмкін

Бүгін 11:59

Ұлтты ұйыстырған ұлы аналар

Бүгін 11:38

Алматының өндірістік секторы референдумға шақырды

Бүгін 11:31

Алматылық депутаттар 15 наурызда өтетін референдумға қатысуды қолдады

Бүгін 11:29

Алматылық боксшылар дауыс беруге барады

Бүгін 11:08
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі