AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Спорт / Экологтар City Run жарысы кезінде Алматы орталығын...

Экологтар City Run жарысы кезінде Алматы орталығындағы ауа сапасын өлшеді

Спорт Бүгін 16:48 33
Экологтар City Run жарысы кезінде Алматы орталығындағы ауа сапасын өлшеді
Алматы әкімдігі

Жарысқа 25 елден 2 500 адам қатысты, деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі.

15 қарашада «Eco Almaty» ЖШС мобильді зертханасы Алматы орталығында City Run жарысы кезінде ауа сапасын өлшеді. «Бірінші болу – батылдық» корпоративтік қорының жүгіру маусымын қорытындылаған жарысына 25 елден 2 500 адам қатысты. Жолдағы көлік қозғалысының қарқындылығына байланысты ауа сапасын бағалау үшін сынамалар жарыс басталғанға дейін, жүгіру кезінде және қатысушылар мәреге жеткеннен кейін алынды.

Экологтар көміртек тотығы (CO), азот диоксиді (NO₂), күйе, қорғасын, шаң, формальдегид, бензол, күкіртсутек, көмірсутектер (метан мен гексан бойынша) және озон (O₃) мөлшерін тексерді. Eco Almaty деректеріне сәйкес, барлық заттардың шоғырлану деңгейі шекті рұқсат етілген мөлшерден аспады. Жарыс өткен күні қала орталығындағы ауа сапасы санитарлық нормаларға сай болды.

City Run бағыты шығарындылар деңгейі төмен пилоттық аймақ (LEZ) арқылы өтті. Бұл аймақ 2026 жылдың 28 сәуірінен бастап Бөгенбай батыр, Желтоқсан көшелері мен Абай, Достық даңғылдарының аралығында жұмыс істеп келеді. Пилоттық жоба жыл соңына дейін жалғасады.

LEZ аймағының 2027 жылдан бастап тұрақты жұмыс істейтіні немесе істемейтіні пилоттық жобаның қорытындысы шығарылғаннан кейін белгілі болады. Ол үшін әкімдік жеке қаулы қабылдап, аймақтың шекарасын бекітуі қажет.

Сонымен қатар Алматыда қабылданған Атмосфералық ауаны қорғау қағидалары тек LEZ аймағын енгізумен шектелмейді. Қағидаларда автокөліктерден бөлінетін шығарындыларды азайту, газдандырылған аудандарда көмір, отын және сұйық отынды пайдаланудан бас тарту, сондай-ақ кәсіпорындарда шығарындыларды тазартатын сүзгілер орнату көзделген. Жалпы 2 395 нысанның 1 879-ы газға көшірілді. Сондай-ақ 2027 жылдың қаңтарынан бастап қалада көмір сатуға тыйым салу жоспарланып отыр.

Жарыс кезінде 10 шақырымдық бағыттағы көшелерде автокөлік қозғалысы бірнеше сағатқа шектелді. Мұндай шара қор ұйымдастыратын барлық жүгіру жарысында, соның ішінде ең ауқымды Almaty Marathon кезінде де қолданылады. 2026 жылы 15 жылдығын атап өткен марафонға 66 елден 16 мың жүгіруші қатысты.

«City Run – спорттық жарыс қана емес, экология мәселелеріне қоғам назарын аударудың да мүмкіндігі. Жарыстың шығарындылар деңгейі төмен пилоттық аймақта (LEZ) өтуінің өзіндік мәні бар. Мұндай іс-шаралар салауатты өмір салтын насихаттап, зиянды шығарындыларды азайту мен Алматының ауасын таза сақтаудың маңызын еске салады», – деді «Eco Almaty» ЖШС өкілдері.

Қор барлық жүгіру жарысының қоршаған ортаға әсерін кезең-кезеңімен азайтып келеді. Ірі жарыстарда пластик, макулатура, шыны және алюминий қалдығын бөлек жинауға арналған экологиялық аймақтар жұмыс істейді. Ал тамақтану бекеттерінде қайта өңдеуге жарамды PET 1 пластигінен жасалған стақандар пайдаланылады. 2026 жылы жарыстардан жиналған 2,5 тоннадан астам қалдық қайта өңдеуге жіберілді. EcoNetwork компаниясының есебіне сәйкес, бұл 16 ағаш пен шамамен 31 мың литр суды сақтап қалуға мүмкіндік берді.

Тағы бір бағыт – заттарды қайта пайдалану. Қор «Тепло» әлеуметтік жобасымен бірлесіп, 4,4 тоннадан астам киім жинап, оларды қайта пайдалануға берді. Соның нәтижесінде CO₂ шығарындылары шамамен 125 тоннаға азайды.

«Жүгіру жарыстары көшелерде көліктердің орнына адамдар жүргенде қаланың қандай болатынын көрсетеді. Қала орталығы бірнеше сағатқа тынышталып, кеңістік еркіндеп, тыныс алу жеңілдей түседі. Біз іс-шараларымыздың экологиялық тұрғыдан таза өтуіне және қоршаған ортаға әсерін барынша азайтуға көп күш жұмсаймыз. Сонымен қатар жарыс Алматы экономикасына да пайда әкеледі. Зерттеу деректеріне сәйкес, 2026 жылы олардың экономикаға әсері 20,63 млрд теңгеге жетті», – деді «Бірінші болу – батылдық» корпоративтік қорының атқарушы директоры Салтанат Қазыбаева.

City Run жарысы Алматы қаласы әкімдігінің қолдауымен өтті.

Телеграм арнаға жазылыңыз
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Рекордтар, жапондық танымал спортшы және 66 елден келген желаяқтар: Алматыда мерейтойлық жүгіру маусымы аяқталды

Бүгін 13:26

Алматыдағы спорт мектебінің ғимараты жанып кетті

Бүгін 13:00

Қазақстанның ұлттық валютасы – теңгеге 33 жыл

Бүгін 12:00

Балалар арбасымен автобустарға кіруге тыйым салынған: Министрлік не дейді

Бүгін 11:04

Мемлекет басшысы Палестина Президентіне құттықтау жеделхатын жолдады

Бүгін 10:00
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);