AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Спорт / Рекордтар, жапондық танымал спортшы және 66 елден...

Рекордтар, жапондық танымал спортшы және 66 елден келген желаяқтар: Алматыда мерейтойлық жүгіру маусымы аяқталды

Спорт Бүгін 13:26 41
Рекордтар, жапондық танымал спортшы және 66 елден келген желаяқтар: Алматыда мерейтойлық жүгіру маусымы аяқталды
Алматы әкімдігі

Жүгіру жарыстарына халықаралық қызығушылық артып келеді, деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі.

Ерекше костюмдер, қаланың тарихи орталығындағы көшелер және 25 елден келген 2 500 желаяқ. Алматыда 2026 жылғы жүгіру маусымы осылай қорытындыланды. «Бірінші болу – батылдық» корпоративтік қоры ұйымдастырған дәстүрлі City Run жарысы рекордтарымен, Жапонияның танымал спортшысының қатысуымен және жарысқа ерекше қажеттілігі бар адамдардың көптеп тартылуымен есте қалған мерейтойлық жылды түйіндеді. Іс-шара Алматы әкімдігінің қолдауымен өтті.

City Run жарысына еліміздің барлық өңірінен және шетелден желаяқтар қатысты. Олардың шамамен 8%-ы Қазақстанның басқа өңірлерінен, тағы 6%-ы шет мемлекеттерден келді.

«Мерейтойлық жыл жүгірудің Қазақстанда өмір салтының бір бөлігіне айналғанын көрсетті. Бір маусымда біздің жарыстарға 40 мыңнан астам адам қатысты. Былтырғы ірі жарыстарға қатысқан әрбір төртінші жүгіруші биыл қайта оралды. Олардың көбі бұрынғыдан ұзағырақ қашықтықты таңдады. Біздің мақсатымыз – Алматыны әлемнің түкпір-түкпірінен жүгірушілер келетін өңірдегі басты жүгіру орталықтарының біріне айналдыру», – деді «Бірінші болу – батылдық» қоры қамқоршылық кеңесінің төрағасы Ғалымжан Есенов.

Жылдың басты оқиғасы 15 жылдығын атап өткен Almaty Marathon болды. Жарысқа 66 елден 16 мыңнан астам адам қатысты. Шетелден 1 534 спортшы келді. Бұл марафон тарихындағы рекордтық көрсеткіш. Толық марафондық 42,2 шақырым қашықтықта 1 614 қатысушы бақ сынап, тағы бір рекорд орнатылды.

Мерейтойлық марафонның арнайы қонағы 2018 жылғы Бостон марафонының жеңімпазы, жапондық спортшы Юки Каваучи болды. Ол Қазақстан мен Орталық Азияға алғаш рет келді.

Жүгіру жарыстарына халықаралық қызығушылық артып келеді. Қор ұйымдастыратын төрт ірі жарысқа – Almaty Marathon, Almaty Half Marathon, Astana Half Marathon және Turkistan Marathon-ға 3 мыңға жуық шетелдік спортшы қатысты. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 14%-ға көп. Аталған жарыстар Халықаралық марафондар мен жүгіру жарыстары қауымдастығының (AIMS) күнтізбесіне енгізілген.

Almaty Marathon мен Turkistan Marathon сондай-ақ Алматы, Түркістан, Самарқанд, Баку және Бішкек қалаларындағы бес марафонды біріктіретін Turkic Alliance of Long Runs (TAN) халықаралық сериясына кіреді. 2026 жылы бұл серияға 1 217 адам қатысты.

Бұқаралық спорттық іс-шараларды өткізу туризм мен қала экономикасының дамуына ықпал етеді. Зерттеу деректеріне сәйкес, 2026 жылы Алматыдағы жүгіру жарыстарының есептік экономикалық әсері 20,63 млрд теңгеге, ал салық түсімі 3,67 млрд теңгеге жетті. Сонымен қатар шетелдік қатысушылардың 87%-ы Алматыға қайта келуді жоспарлап отыр.

Биыл жүгіру жарыстарына ерекше қажеттілігі бар 260 адам қатысты. Бұл өткен жылғы көрсеткіштен екі еседен астам көп. Ірі жарыстарда пандустар мен арнайы санитарлық кабиналар қарастырылып, мәреге жеткендерге табысталатын медальдарға Брайль қарпімен жазу түсірілді.

Жыл бойы қала тұрғындары үшін 140 тегін ашық жаттығу өткізілді. Іс-шараларды ұйымдастыруға 4 мыңнан астам ерікті көмектесті.

Экологиялық бастамаларға да ерекше көңіл бөлінді. Тамақтану бекеттерінде алғаш рет қайта өңдеуге жарамды PET 1 пластигінен жасалған стақандар пайдаланылды. Жарыс өтетін алаңдардан 2,5 тоннадан астам қалдық жиналып, қайта өңдеуге жіберілді. EcoNetwork компаниясының есебіне сәйкес, бұл 16 ағаш пен шамамен 31 мың литр суды сақтап қалуға мүмкіндік берді.

Ұйымдастырушылар «Тепло» әлеуметтік жобасымен бірлесіп, 4,4 тоннадан астам киім жинады. Бұл киімдер ерекше қажеттілігі бар 1 007 адамға таратылды.

Сонымен қатар AYALA қайырымдылық қорымен бірлесіп, балаларға медициналық көмек көрсетуге бағытталған екі жобаға 142 млн теңге бөлінді. Қаражат Алматыда қан тамырлары мальформациясын емдеудің жаңа әдістерін енгізуге және Түркістанда шала туған нәрестелердің ретинопатиясына байланысты ота жасауға бағытталған.

Телеграм арнаға жазылыңыз
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Балалар арбасымен автобустарға кіруге тыйым салынған: Министрлік не дейді

Бүгін 10:42

Мемлекет басшысы Палестина Президентіне құттықтау жеделхатын жолдады

Бүгін 10:00

Бакуде «Қазақтың дәстүрлі мәдениеті» атты халықаралық көрме ашылды

Кеше 22:09

Зайсан әуежайында сертификаттау рәсімі басталды

Кеше 21:25

Алматыда әуежайында жаңғыртылған ішкі рейстер терминалы ашылды

Кеше 18:58
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);