Мәлімдемеге сәйкес, 9 мамыр – Жеңіс күніне орай барлық ХҚКО және мамандандырылған ХҚКО-лар жұмыс істемейді, – деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі.
"Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы Ұлы Жеңіс күніне орай халыққа қызмет көрсету орталықтары (ХҚКО) мен мамандандырылған ХҚКО-лардың жұмыс кестесіне өзгеріс енгізілетінін мәлімдеді.
Мәлімдемеге сәйкес, 9 мамыр – Жеңіс күніне орай барлық ХҚКО және мамандандырылған ХҚКО-лар жұмыс істемейді.
11 мамыр күні кезекші орталықтар азаматтарды қабылдайды.
Бұл күні:
ХҚКО-лар 09:00-ден 13:00-ге дейін жұмыс істейді;
· мамандандырылған ХҚКО-ларда өтініш қабылдау 12:00-ге дейін;
· дайын құжаттарды беру 13:00-ге дейін жүзеге асырылады.
Қалған күндері барлық ХҚКО және мамандандырылған орталықтар, оның ішінде кезекші бөлімшелер де штаттық режимде жұмысын жалғастырады.