Freedom Референдум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
Референдум 00 күн 00 : 00 : 00
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
Референдум 00 күн 00 сағ 00 мин 00 сек
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / ТЖМ Қазақстан тауларында көшкінге байланысты жорық...

ТЖМ Қазақстан тауларында көшкінге байланысты жорықтарға шықпауға шақырды

Әлеумет 09.01.2026, 15:02 270
ТЖМ Қазақстан тауларында көшкінге байланысты жорықтарға шықпауға шақырды
сурет: ҚР ТЖМ

Төтенше жағдайлар министрлігі қар қалың түсуіне байланысты Қазақстанның таулы аймақтарында көшкін қаупі күшейгенін ескертіп, тұрғындарды жорыққа шықпауға шақырды, - деп хабарлайды Аqshamnews.kz тілшісі. 

"Еліміздің таулы аймақтарында қардың жиналуына байланысты жекелеген қар көшкіндері өздігінен түсуі мүмкін. Көшкіндердің жүруіне түрткі болу қаупіне байланысты қар басқан тік беткейлерге шықпаған жөн. Тауда абай болыңыздар. Халықтың, туристердің, қонақтар мен демалушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында Алматы қаласындағы, Алматы және Шығыс Қазақстан облыстарындағы тауларда қар көшкіндерін мәжбүрлеп түсіру бойынша алдын алу жұмыстары жүргізілді, нәтижесінде 3516 м³ қар массасы түсірілді", – деп хабарлады жұма күні ТЖМ баспасөз қызметі.

ТЖМ "Қазселденқорғау" ММ мамандары көшкін қаупі бар аумақтарға тұрақты әрі үздіксіз мониторинг жүргізіп жатқанын атап өтті.

"Бүгінгі күнге дейін республика бойынша 163 жерүсті тексеру жүргізілді. Қар көшкіндерінің жүруі мүмкін аймақтарда 108 ескерту белгісі орнатылды. Сонымен қатар «Абайлаңыз, қар көшкіні!» деген 944 ескерту хабарламасы, 3754 ақпараттық брошюра, сондай-ақ «Абайлаңыз, қар көшкіні!» және «Абайлаңыз, сең жүруі!» атты үгіт-насихаттау ақпараттық материалдар таратылды", - деп қосты ведомство.

ТЖМ мәліметінше, қар көшкіні жағдайы шиеленіскен кезде және «Қазгидромет» РМК дауылды ескертулері негізінде төтенше жағдайлар департаменттерімен және ішкі істер органдарымен бірлесіп көшкін қаупі бар аймаққа халық пен автокөліктің кіруін шектеу үшін бақылау-өткізу бекеттер қойылады.

"Егер қар көшкіні туралы ескерту жарияланса, тауларға барудан бас тартқан жөн. Егер ескерту болмаса, жолға шықпас бұрын метеорологиялық болжамдарды білу, қозғалыс маршруттарын жасау, дайындықсыз учаскелерде серуендеуден және сырғанаудан аулақ болу, таңбаланған соқпақтармен жүру, сондай-ақ қар көшкіні қаупі бар жерлер туралы мүмкіндігінше көбірек білу, қауіпті беткейлерден мүмкіндігінше аулақ болу керек. Егер тауға шығар алдында қалың қар түссе, жорықты екі-үш күнге кейінге қалдырған дұрыс, ал қар көшкіні болмаған жағдайда оның шөгуін күткен дұрыс", - делінген хабарламада.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#ТЖМ #жорық #Ескерту
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

№152 мектеп-гимназияда оқушыларға терроризмге қарсы ақпараттық сабақ өткізілді

Бүгін 10:52

Алматыда мектеп оқушыларына терроризмге қарсы ақпараттық бейнеролик көрсетілді

Бүгін 10:47

Алматыда террористік тұрғыдан осал объектілердің тізбесін жаңарту мәселесіне арналған жұмыс тобының отырысы өтті

Бүгін 10:41

Автоматты камералар жаяу жүргіншілерді жазаламайды - ІІМ түсініктеме берді

Бүгін 10:24

Министр Нысанбаев қызғалдақ пен бәйшешек жұлғандарға қомақты айыппұл барын ескертті

Бүгін 09:54
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика