Алматы қаласы бойынша Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Департаменті 8-11 сынып оқушыларына арналған терроризмге қарсы ақпараттық-насихаттық бейнероликті көрсетті. Бейнероликтің негізгі мақсаты – террористік сипаттағы құқық бұзушылықтар мен терроризм актілері туралы көрінеу жалған хабарламалардың алдын алу, сондай-ақ оқушыларға қауіпсіздік туралы дұрыс ақпарат беру болып табылады.
Бұл шараға қаладағы 209 мектептің 8-11 сынып оқушылары қатысты. Оқушылар бейнероликті көре отырып, терроризмнің қауіптілігі және жалған ақпараттың зияны туралы түсінік алды. ҰҚК өкілдері сондай-ақ оқушыларға қауіпсіздік ережелерін сақтау және күдікті жағдайларды ата-аналар мен педагогтарға хабарлау маңызды екенін түсіндірді.