Қызғалдақ пен бәйшешек жұлғандарға айыппұл салынады
Қазақстанда қызғалдақ пен бәйшешекті заңсыз жұлғандар үшін қомақты айыппұл қарастырылған, – деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі.
Бұл өсімдіктер «Қызыл кітапқа» енгізілген және олардың сирек кездесетінін ескере отырып, табиғатты қорғау маңызды болып отыр.
Экология және табиғи ресурстар министрі Ерлан Нысанбаев:
«Жыл сайын әлемде көптеген өсімдіктер мен жануарлар түрлері жойылып бара жатыр. Олардың жойылуы алдағы уақытта экологиялық тепе-теңдікке кері әсер етуі мүмкін. Сондықтан табиғатты қорғауға әр азамат жауапты» – деді.