Алматыда №152 мектеп-гимназия оқушыларына терроризмге қарсы бейнеролик көрсетілді
Алматы қаласы бойынша Ұлттық қауіпсіздік комитеті Департаменті терроризмге қарсы күрес жөніндегі қалалық жедел штаб шеңберінде ақпараттық-насихаттық бейнеролик дайындап, оны №152 мектеп-гимназиясының 8-11 сынып оқушыларына көрсетті.
Бейнеролик көрсетілімінен кейін оқушыларға терроризм актілері туралы көрінеу жалған хабарлама бергені үшін ҚР Қылмыстық кодексінің 273-бабы бойынша бас бостандығынан айыруға дейінгі қылмыстық жауапкершілік қарастырылғаны түсіндірілді. Сонымен қатар, оқушыларға терроризмнің қауіптілігі, ақпараттық қауіпсіздік ережелері және күдікті жағдайларды ата-аналар мен педагогтарға хабарлау маңызы баяндалды.