Freedom Референдум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
Референдум 00 күн 00 : 00 : 00
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
Референдум 00 күн 00 сағ 00 мин 00 сек
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлем / Күніне 5 шыны: кофені ең көп ішетін елдер белгілі...

Күніне 5 шыны: кофені ең көп ішетін елдер белгілі болды

Әлем 26.11.2025, 14:48 364
Күніне 5 шыны: кофені ең көп ішетін елдер белгілі болды
Сурет: vintage.kz

Әлемдік кофе нарығы жыл сайын өсіп келе жатқанымен, әр елдің кофені тұтыну деңгейі өзгеріп отырады.

Жаңа зерттеу бойынша Солтүстік Еуропа мемлекеттері адам басына шаққандағы кофе тұтынудан әлі де көш бастап тұр, - деп хабарлайды Aqshamnews.kz тілшісі. 

Cafely компаниясының деректеріне негізделген инфографика 2025 жылы 65 елді жан басына шаққандағы тәуліктік кофе тұтыну көлемі бойынша салыстырады. Нәтижелер әр аймақтағы кофеге деген мүлде өзгеше  әдеттерді көрсетеді.

Сурет: naked-science.ru

Люксембург әлемдегі ең көп кофе ішетін ел атанды - бір адам күніне орта есеппен 5,31 кесе кофе тұтынады.

Мұндай көрсеткіштің жоғары болуына елде жұмыс істеп, бірақ көрші мемлекеттерде тұратын "шекарааралық қызметкерлердің" үлесі әсер етіп отыр. Еңбек нарығының 47%-ын осындай жұмысшылар құрайды және олардың күнделікті әдеттері Люксембург статистикасына енгізіледі.

Кофе мәдениетімен танымал Финляндия мен Швеция да алдыңғы қатардан көрінді. Жалпы алғашқы он елдің барлығы — Еуропада орналасқан мемлекеттер.

Ал көлемі үлкен АҚШ, Жапония және Бразилия секілді елдерде кофе жан басына шаққандағы тұтыну бойынша көрсеткіш әлдеқайда төмен.

  • АҚШ - күніне 1,22 кесе (24-орын)
  • Жапония - күніне 1 кесеге жетпейді
  • Бразилия - 1,58 кесе (18-орын)
  • Ресей - күніне 0,5 кесе (46-орын)

Рейтингтің соңында шай ішуді жөн көретін елдер орналасқан.

Үндістан – ең төмен көрсеткішке ие: күніне 0,02 кесе. Яғни жеті аптада бір кесе кофе ішумен тең. Африка мен Оңтүстік Азияның бірнеше мемлекеттерінде де кофе тұтыну көлемі өте төмен - күніне 0,3 кеседен аз.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Кофе #тұтынатын елдер #статистика
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Жастардың дауысы: Алматыда референдум қалай өтіп жатыр?

Бүгін 12:51

«Алматы Су» қызметкерлері референдумға белсенді қатысты

Бүгін 12:48

«AMANAT» партиясы Алматыдағы барлық 653 учаскеге бақылаушылар жіберді

Бүгін 12:47

Алматыдағы Думан шағынауданында ұлттық киім киген аға буын өкілдері дауыс беруге келді

Бүгін 12:46

Алматыда «Nauryz Sale» ауқымды акциясы өтіп жатыр: сауда орталықтарына келушілер саны айтарлықтай артты

Бүгін 12:44
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика