AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Референдум / Жастардың дауысы: Алматыда референдум қалай өтіп ж...

Жастардың дауысы: Алматыда референдум қалай өтіп жатыр?

Референдум 15.03.2026, 12:51 287 Сұлу
Жастардың дауысы: Алматыда референдум қалай өтіп жатыр?
Өңірлік коммуникациялар қызметі

Бүгін Алматы жоғары азаматтық белсенділік танытып отыр. Көктемгі салқынға қарамастан таңнан бастап мегаполистегі референдум учаскелерінде адамдар легі байқалады. Әсіресе, жас алматылықтар белсенділігімен көзге түсіп отыр. Олардың көпшілігі үшін бұл референдум өміріндегі алғашқы маңызды саяси қадамдардың бірі болды, – деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі.

№667 комиссияның төрайымы Нұрбану Омарова үдеріс заң талаптарына қатаң сәйкес ұйымдастырылғанын, ал дауыс берушілер үшін барлық жағдай жасалғанын, оның ішінде мерекелік атмосфера мен арнайы фотоаймақтар қарастырылғанын атап өтті.

«Бүгін біздің учаскеде барлық қажетті жағдай жасалған. Сағат 7:00-де дауыс беру басталған сәттен бастап азаматтардың жоғары белсенділігін байқап отырмыз. Комиссия мүшелері мен бақылаушылар жұмысына уақытылы кірісіп, тәртіптің сақталуын қадағалап отыр», – деді ол.

Қаланың көптеген учаскесінде дауыс берушілер үшін шағын мерекелік атмосфера қалыптасқан. Естелік суретке түсуге арналған фотоаймақтар ұйымдастырылып, алғашқылардың бірі болып келгендерге және алғаш рет дауыс беруге қатысқан жастарға символикалық сыйлықтар мен кәдесыйлар табысталып жатыр.

№621 референдум учаскесінде алғашқылардың бірі болып Естияр Мұғалбек келді. Ал биыл алғаш рет дауыс беруге қатысқан жас тұрғын Елнұр Боранғазы бюллетенін алып, дауыс берді. Рәсімнен кейін оларға естелік сыйлықтар табысталды.

№47 учаскеде қала жастары Азамат пен Салтанат алғашқы бюллетень алып, ұйымдастырушылардың тәтті сыйлығына ие болды. Жастардың айтуынша, бұл күн олар үшін жаңа өмірлік тәжірибеге айналды.

«Біз үшін бұл өте маңызды сәт. Елде болып жатқан оқиғалардың бір бөлігі болу қызықты», – деді олар.

Наурызбай ауданы да белсенділіктен қалыс қалмай отыр. Мұнда ауданның 18 жастағы тұрғыны референдум учаскесіне таңертең ерте келген.

«Мен бұл күннің атмосферасын сезініп, ел үшін маңызды оқиғаға қатысу үшін арнайы ерте келдім», – деді бойжеткен.

Түрксіб ауданында да ерекше атмосфера байқалады. Кейбір тұрғындар үшін 15 наурыз екі есе символдық мәнге ие болды, олар дәл референдум өтетін күні 18 жасқа толды. Жаңа ғана кәмелетке толған жастар мұндай күннің ұзақ уақыт есте қалатынын айтады.

Комиссия мүшелерінің айтуынша, учаскелерде жас сайлаушыларға дауыс беру тәртібі түсіндіріліп, барлық қажетті ақпарат беріліп жатыр. Ал естелік кәдесыйлар, шағын сыйлықтар мен фотоаймақтар бұл күннің ерекше атмосферасын күшейтіп, әсіресе алғаш рет дауыс беруге қатысқан жастар үшін ұмытылмас сәтке айналып отыр.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Конституция
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Астанада «Алтын Орда – дала өркениетінің үлгісі: тарих, археология, мәдениет, бірегейлік» атты халықаралық симпозиумның Қарары қабылданды

Бүгін 20:35

Жәния Бекмұхамбетова Таиландтағы WTT Youth Contender турнирінде қола медаль жеңіп алды

Бүгін 18:44

Қазақстан құрамасы секіру дисциплиналары бойынша Азия чемпионатын бір медальмен аяқтады

Бүгін 18:42

Қазақстандық спортшылар Мәскеудегі қоян-қолтық ұрыстан әлем кубогы кезеңінде медаль жеңіп алды

Бүгін 18:39

Алматы қаласы Білім басқармасының басшысы болып Сәкен Аралбаев тағайындалды

Бүгін 18:37
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);