Freedom Референдум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
Референдум 00 күн 00 : 00 : 00
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
Референдум 00 күн 00 сағ 00 мин 00 сек
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Референдум / Алматыда «Nauryz Sale» ауқымды акциясы өтіп жатыр:...

Алматыда «Nauryz Sale» ауқымды акциясы өтіп жатыр: сауда орталықтарына келушілер саны айтарлықтай артты

Референдум Бүгін 12:44 92
Алматыда «Nauryz Sale» ауқымды акциясы өтіп жатыр: сауда орталықтарына келушілер саны айтарлықтай артты
Өңірлік коммуникациялар қызметі

Алматыда Наурыз мерекесіне орай ұйымдастырылған ауқымды «Nauryz Sale» акциясы өтіп жатыр. 2026 жылы 13-23 наурыз аралығында қала тұрғындары мен қонақтары азық-түлік пен түрлі тауарларды 10-30% жеңілдікпен сатып ала алады, – деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі.

Алматылықтар бұл күндерге арналған сауда жоспарын белсенді түрде жасап жатыр. Көпшілік мерекеге қажетті заттардың тізімін алдын ала дайындап, дастарқанға арналған азық-түліктен бастап жақындарына арналған сыйлықтар мен сувенирлерге дейін сатып алуға тырысуда.

«Мен ет, сүт өнімдерін, көкөністер мен жемістерді сатып алып қойдым, сондай-ақ достарым мен туыстарыма бірнеше сыйлық та алдым. Бағасы тиімді, таңдау да жақсы», — дейді алматылық Әлия.

Мерекелік дастарқанға қажет барлық жаңа және сапалы өнімдер мен сыйлықтарды тиімді бағамен алып, Наурызға жақсылап дайындалуға мүмкіндік береді.

Алматылықтар мұндай акцияны ұйымдастырғаны үшін қала билігіне алғыс білдірып отыр. Бұл бастама отандық өндірушілерді қолдауға мүмкіндік беріп қана қоймай, мерекеге ыңғайлы әрі үнемді дайындалуға жағдай жасайды. Көпшілік «Nauryz Sale» акциясы Наурыз мерекесінің атмосферасын алдын ала сезінуге мүмкіндік беретінін атап өтуде, ал сауда орталықтарының ерекше безендірілуі көктемгі көңіл күй сыйлайды.

«Қаланың өндірушілерді қолдап, сонымен бірге мерекені баршаға қолжетімді етіп отырғаны өте құптарлық», — дейді алматылық Ержан.

Аталған бастама қазақстандық өндірушілерді қолдауға, ішкі сауданы дамытуға және қалада мерекелік атмосфера қалыптастыруға бағытталған республикалық акция аясында жүзеге асырылуда.

«Nauryz Sale» акциясына Алматыдағы ірі сауда-ойын-сауық орталықтары — Forum Almaty, Globus, Mega Park, Aport East, Almaty Mall, Dostyk Plaza, Moskva, Mart, Sputnik Mall және Maxima қосылды. Қазірдің өзінде бұл күндері сауда орталықтарына келушілер санының айтарлықтай артқаны байқалады, бұл акцияның жоғары сұранысқа ие екенін көрсетеді.

Тауарларды тиімді сатып алудан бөлек, қонақтарды мерекелік бағдарлама да күтеді: тақырыптық жәрмеңкелер, концерттік қойылымдар, ұлттық фотоаймақтар, интерактивті алаңдар және балалар мен ересектерге арналған ойындар ұйымдастырылады. Мәдени бағдарламаның негізгі бөлігі 20-23 наурыз аралығында өтеді, алайда сауда орталықтарында мерекелік көңіл күй қазірдің өзінде сезіліп тұр.

«Nauryz Sale» - сатып алуды мерекелік көңіл күймен үйлестіруге мүмкіндік беретін ерекше акция. Алматылықтар тиімді сауда жасап қана қоймай, балаларымен бірге қызықты бағдарламаны тамашалап, концерттер мен жарқын фотоаймақтардың атмосферасын сезіне алады. Бұл бүкіл отбасы болып уақыт өткізіп, Наурыздың шынайы мерекелік рухын сезінудің тамаша мүмкіндігі.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Конституция
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматы Қоғамдық кеңесінің мүшесі Богдан Джепка ерекше қажеттілігі бар адамдар үшін учаскелердің қолжетімділігін тексерді

Бүгін 13:25

Threads киімін киген алматылық: «шын өзгерісті қалаған адам осылай дауыс беріп, саяси науқанға араласады»

Бүгін 13:24

Алматы метрополитенінің қызметкерлері мен отбасы мүшелері референдумға қатысты

Бүгін 13:22

Алматыда екі дүркін әлем чемпионы Алуа Балқыбекова референдумда дауыс берді

Бүгін 13:19

Жазушы Нұрдәулет Ақыш Алматыдағы референдумда дауыс беру үдерісінің жақсы ұйымдастырылғанын айтты

Бүгін 13:17
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика