Freedom Референдум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
Референдум 00 күн 00 : 00 : 00
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
Референдум 00 күн 00 сағ 00 мин 00 сек
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Авиация саласының тұрақты өсімі: 10 айдың қорытынд...

Авиация саласының тұрақты өсімі: 10 айдың қорытындылары

Әлеумет 19.12.2025, 09:45 347
Авиация саласының тұрақты өсімі: 10 айдың қорытындылары
Сурет: Gov.kz

2025 жылдың он айында Азаматтық авиация комитетінің қызметі саланы тұрақты дамытуға, ұшу қауіпсіздігі деңгейін арттыруға және азаматтық авиация саласындағы мемлекеттік реттеу жүйесін жетілдіруге бағытталды, - деп хабарлайды Aqshamnews.kz.

2025 жылдың он айында әуе көлігімен 26,6 млн жолаушыға қызмет көрсетілді, бұл 2024 жылғы кезеңімен салыстырғанда 8%-ға артты. Оның ішінде 13,1 млн жолаушы отандық әуе компанияларымен тасымалданды, бұл өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 6,1%-ға көбейді.

Сонымен қатар, есептік кезеңде әуежайларда өңделген жүк көлемі 140 мың тоннаға жетті, оның ішінде отандық әуе компаниялары тасымалдаған жүк көлемі 23,8 мың тоннаны құрады, бұл 2024 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 6,3%-ға артық.

Ішкі әуе бағыттарының саны 60 бағытты құрап, аптасына 821 рейс жиілігімен орындалды.

Халықаралық маршруттық желі 30 елді қамтитын 131 бағытқа дейін кеңейтіліп, аптасына жалпы 616 рейс орындалды.

2025 жылдың шілде айында Қазақстан Республикасына Халықаралық азаматтық авиация ұйымы (ИКАО) Кеңесінің Президенті Сальваторе Шаккитаноның ресми сапармен келді. Бұл сапар ИКАО Кеңесі Президентінің Қазақстанға жасаған тарихтағы алғашқы ресми сапары болды.

Ағымдағы жылдың 2–14 қыркүйек аралығында Қазақстан Республикасының аумағында авиациялық қауіпсіздік мәселелері бойынша ИКАО аудиті жүргізілді.

Тексеру қорытындысы бойынша ИКАО халықаралық стандарттарына сәйкестік деңгейі 95,7%-ды құрады, бұл әлемдік орташа көрсеткіштен (72%) және ортаеуропалық деңгейден (88%) айтарлықтай жоғары. Қазақстанның көрсеткіші ТМД елдері арасында ғана емес, ИКАО-ның Еуроазиялық өңірінде де ең жоғары көрсеткіштердің бірі (Грузия – 89,75%, Өзбекстан – 85,47%, Беларусь – 91,85%, Қырғызстан – 85,7%, Әзербайжан – 74,66%, Албания – 68,74%, Түркия – 77,59%).

Мемлекет басшысының АҚШ-қа жасаған сапары аясында «Air Astana» әуе компаниясы мен Boeing компаниясы арасында бұрын тапсырыс берілген үш әуе кемесіне қосымша 15 Boeing 787–9 Dreamliner ұшағын жеткізу туралы келісімшартқа қол қойылды. 18 Boeing 787–9 әуе кемесінен тұратын әуе паркінің жалпы құны 7 млрд АҚШ долларын құрайды.

Әуе паркінің толықтырылуы Қазақстанға халықаралық маршруттардың географиясын кеңейтуге, оның ішінде АҚШ-қа тікелей рейстер ашуға мүмкіндік береді.

2025 жылғы 21 шілдеде ҚР Көлік министрлігінің №223 бұйрығымен авиациялық техника және (немесе) арнайы көлік лизингі шарттары аясында жүзеге асырылатын күрделі шығыстардың құнын және нысанасын айқындау қағидалары қабылданды. Бұл қағидалар мемлекеттік қатысуы бар әуежайлар үшін арнайы техниканы сатып алуға мүмкіндік береді.

Отандық әуекомпанияларының әуе кемелері паркі 12 жаңа ұшақпен толықтырылды (SCAT – 4 Boeing 737 MAX8, Air Astana – 3 Airbus A321/320, FlyArystan – 5 Airbus A321/320).

2025 жылғы 4 маусымдағы №412 Үкімет қаулысымен Қазақстан Республикасының 2025–2031 жылдарға арналған азаматтық пилотсыз авиацияны дамыту тұжырымдамасы қабылданды. Аталған құжатта реттеу, кадр даярлау және ғылыми зерттеулерді қоса алғанда, дамудың стратегиялық бағыттары айқындалған.

Ақтау қаласы әуежайының ұшу-қону жолағы мен рөлдеу жолының күрделі жөндеу жұмыстары, сондай-ақ Астана қаласы әуежайының ұшу-қону жолағына ағымдағы жөндеу жұмыстары аяқталды. Сонымен қатар Балқаш қаласы әуежайы терминалының реконструкциясы аяқталу сатысында.

Катон-Қарағай, Зайсан және Кендірлі курорттық аймақтарында үш әуежайдың құрылысы жүргізілуде, сондай-ақ Арқалық қаласы әуежайының қызметін қалпына келтіру бойынша жұмыстар атқарылуда. Бұдан бөлек, Павлодар қаласы әуежайының аэродромын реконструкциялау бойынша жұмыстар жүргізілуде.

Сонымен қатар, Мемлекет басшысы деңгейінде азаматтық авиацияны дамыту мәселелері бойынша өткен кеңесінде негізгі тәсілдер айқындалып, стратегиялық шешімдер қабылданды және саланың одан әрі дамуына бағытталған орта мерзімді міндеттер белгіленді.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Авиация саласы #тұрақты өсім #10 ай #қорытынды
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыда Қазақстанның қаржы секторы алдағы референдумды қолдады

Бүгін 18:25

Тұңғышбай Жаманқұлов жастарды кітап оқуға, уақытты қадірлеуге шақырды

Бүгін 18:16

Алматы 2-ЖЭО-ын жаңғырту атмосфераға тарайтын зиянды шығарындыларды айтарлықтай азайтуға бағытталған

Бүгін 17:49

Арнайы операция: есірткі саудасына қатысы бар күдікті ұсталды

Бүгін 17:14

Футболдан Қазақстан құрамасының кеңейтілген тізімі жарияланды

Бүгін 17:01
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика