Freedom Референдум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
Референдум 00 күн 00 : 00 : 00
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
Референдум 00 күн 00 сағ 00 мин 00 сек
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Заң мен тəртіп / Арнайы операция: есірткі саудасына қатысы бар күді...

Арнайы операция: есірткі саудасына қатысы бар күдікті ұсталды

Заң мен тəртіп Бүгін 17:14 27
Арнайы операция: есірткі саудасына қатысы бар күдікті ұсталды
Сурет: Polisia.kz

Алматы қаласы полиция департаментінің есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері Жамбыл облысы аумағынан Алматы және Астана қалаларына есірткі жеткізу арнасын ұйымдастырған қылмыстық топтың заңсыз әрекетіне тосқауыл қойды, – деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Арнайы құрылған тергеу-жедел тобы полицияның арнайы мақсаттағы бөлімшесінің күштік қолдауымен Жамбыл облысы аумағына іссапармен барып, жедел іс-шаралар жүргізді. Нәтижесінде 42 жастағы есірткі саудасына қатысы бар деген күдікпен ер адам ұсталды. Санкцияланған тінту барысында оның тұрғын үйіндегі жатын бөлмеден, төсек жанындағы тумбадан өзіне тән иісі бар өсімдік тектес зат салынған полиэтилен пакет табылып, тәркіленді. Сот-сараптамасының қорытындысына сәйкес, тәркіленген зат гашиш болып шықты. Аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды. Сонымен қатар медициналық куәландыру нәтижесінде ұсталған адамның есірткі заттарын қолданғаны анықталды.

– Бұл қылмыстық схема біздің қызметкерлер тарапынан ұзақ уақыт бойы мұқият пысықталды. Жедел іс-шаралардың нәтижесінде Жамбыл облысы аумағынан Алматы және Астана қалаларына есірткі жеткізу арнасы тоқтатылды. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды. Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеп-тексеру жалғасуда. Қылмыстық схемаға қатысы бар барлық тұлғаларды анықтау бойынша жұмыстар жүргізіліп жатыр, – деді Алматы қаласы полиция департаменті есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының бастығы Мұрат Жұмабаев.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Алматы #есірткі
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыда Қазақстанның қаржы секторы алдағы референдумды қолдады

Бүгін 18:25

Тұңғышбай Жаманқұлов жастарды кітап оқуға, уақытты қадірлеуге шақырды

Бүгін 18:16

Алматы 2-ЖЭО-ын жаңғырту атмосфераға тарайтын зиянды шығарындыларды айтарлықтай азайтуға бағытталған

Бүгін 17:49

Футболдан Қазақстан құрамасының кеңейтілген тізімі жарияланды

Бүгін 17:01

Алматыда пәтер ұрлығымен айналысқан топ ұсталды

Бүгін 16:24
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика