AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Алматы / Тұңғышбай Жаманқұлов жастарды кітап оқуға, уақытты...

Тұңғышбай Жаманқұлов жастарды кітап оқуға, уақытты қадірлеуге шақырды

Алматы 12.03.2026, 18:16 291 dulatbekova
Тұңғышбай Жаманқұлов жастарды кітап оқуға, уақытты қадірлеуге шақырды
Сурет: Самат Серікбайұлы

Әуезов ауданындағы №202 мектеп-гимназияның оқушылары қазақ өнерінің мақтанышы, танымал актер, режиссер, педагог, профессор, Қазақстанның Халық әртісі Тұңғышбай Жаманқұловпен кездесті. Айтулы өнер иесін мектеп ұжымы мен шәкірттер қазақы дәстүрмен, ауылдың «алтыауызымен» қарсы алды. Бірнеше ән орындаған кішкентай өнерпаздардың өнеріне риза болған актер көрермен ретінде қол соғып, қошемет білдірді.

Келесі кезекте оқушылар «Арман жолында» атты қойылымды сахналады. Қойылымда болашақта актер болуды армандаған баланың отбасындағы оқиға баяндалады. Өз өнерін көрсеткен «жас әртістерге» Тұңғышбай Қадырұлы ерекше ризашылығын білдіріп, ақ батасын берді. Айтулы өнер тарланымен жүздескен бұл кездесу оқушыларға үлкен әсер қалдырып, жастарға шабыт беріп, өнерге деген қызығушылықтарын арттырды.

Кездесу барысында Тұңғышбай Жаманқұлов өзінің өмір жолы, актерлік өнерге келуі және сахнадағы қызықты сәттері туралы әңгімеледі. Ол өнер жолында ең алдымен еңбекқорлық, табандылық, төзім мен білімнің маңызын атап өтті. Сондай-ақ жас ұрпақты кітап оқуға, білімге ұмтылуға және арманға тек адал еңбек арқылы жетуге шақырды.

– Әрине, өнер жолын таңдап, осы мақсатқа ұмтылған әлгі баланың қадамына қуанып отырмын. Қойылым арқылы өмірдің өзін безбендеген ұстаздардың еңбегіне разымын. Сондықтан өнер жолын таңдаған шәкіртке қалқан болып, қорған болған ұстаздарға да алғысым шексіз. Өнер адамы болу, осы жолда жүру сырт көзге оңай көрінуі мүмкін. Өнерге келу – батылдық, ал сол өнерге келіп, жолы болмағандардың өнерден кетуі де батылдық дер едім. Өнер адамы болу үшін өткен-кеткенмен, арғы-бергі тарихпен, ата-бабаның жолымен ұғынысу керек, сөйлесу керек, мақтану керек. Жалпы, өнер жолы – қиын да, қиыры мол жол. Оны таңдау бар да, алып жүру бар. Сондықтан мен оқуға келген жастарға үнемі ақыл айтып отырамын: «Осы бастан адаспай, ақылмен жүріңдер. Ертең қиындыққа шыдамай, кері бұрылып кетпеңдер», — деймін. Өйткені өмірдегі ең қымбат нәрсе – уақыт. Оны қайтара алмайсыңдар. Кезінде мен де су маманы болғым келді. Сол оқуға түстім. Бірақ атақты Асқар Тоқпанов ағамызбен кездесіп, өмірім өзгерді. Тағдырым осы жолға таңылды. Содан бері осы бағыттан айныған емеспін. Одан жаман болған жоқпын, дегенмен көрген қиындығым да аз емес. Сондай сын сағатта мені ұстаздарымның қолдауы алға жетеледі. Өмірде адамның талай ұстазы болады. Менің 1-сыныпта Нұрпатша деген апайым болды, әлі күнге дейін ұмытпай, еске алып жүремін. Айтар ақылым – ұстаздарыңды тыңдаңдар, көп оқыңдар! Жалқау болмаңдар, – деді Тұңғышбай Жаманқұлов.

Мектеп басшысы Болат Жанайхан қонаққа ризашылығын білдірді.

Мектепте осындай тағылымды кездесулердің өтуі оқушылардың рухани дамуына, мамандық таңдауына үлкен әсер ететіні сөзсіз. Танымал өнер иесінің ақыл-кеңесі мен өмірлік тәжірибесі жастардың болашаққа деген сенімін нығайтты. Осы кездесуден кейін олардың бірі актер, бірі инженер, енді бірі геолог болуға бел байлап, өз жолын айқындауға талпыныс жасады.

Рая ЕСКЕНДІР

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Тұңғышбай #оқушылар #кездесу #өнер адамы
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Кітап оқудың маңызы зор

Бүгін 17:28

Қазақстанның төрт боксшысы Әлем кубогі финалына шықты

Бүгін 15:44

Ақтауда екі жұмысшы тұз қышқылынан күйіп қалды

Бүгін 14:43

Трамп қатысқан қабылдауда қарулы адам шабуыл жасады

Бүгін 12:24

Жексенбіде еліміздің басты қалаларында ауа райы қандай?

Бүгін 11:04
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика