Байкотқа ұшыраған McDonald’s Рамазан айында цифрлы жарнамасын өзгертті
Германиядағы McDonald’s компаниясы Рамазан айында ораза ұстаушыларға құрмет ретінде цифрлы жарнамаларын бейімдеді. Күндізгі уақытта тағамның бейнесі экраннан көрінбейді, ал қас қарайғанда ғана пайда болады. Бұл шара мұсылмандардың наразылығын азайту және бұрынғы байкотқа байланысты жағымды имидж қалыптастыру мақсатында жасалды.