AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Барлығы / Алматы Рамазан айына дайындалуда: ораза және қайыр...

Алматы Рамазан айына дайындалуда: ораза және қайырымдылық іс-шаралары

Барлығы 27.02.2025, 13:10 1,034 dulatbekova
Алматы Рамазан айына дайындалуда: ораза және қайырымдылық іс-шаралары
Сурет: Өңірлік коммуникациялар қызметі

Қасиетті Рамазан айы басталды – бұл ораза, құлшылық және рухани тазару уақыты.

1 наурыз бен 29 наурыз аралығында әлем мұсылмандары ораза ұстап, ал 30 наурыз күні Ораза айт мейрамын атап өтеді, деп хабарлады Алматы қаласының бас имамы Төлеби қажы Оспан өңірлік коммуникациялар қызметіндегі баспасөз конференциясында.

«Рамазан – сабыр, игі істер және рухани кемелдену айы. Ораза – тек тамақ пен судан тыйылу ғана емес, жан дүниені тазартып, нәпсіні тәрбиелеу», – деп еске салды имам.

Оның айтуынша, қаладағы барлық мешіттерде тарауих намаздары оқылып, Құран хатым түсіріледі.

Жамағаттың ыңғайлылығы үшін Алматы Орталық мешітінде «Рамазан шатырын» орнату жоспарланып отыр. Онда күн сайын 450 адамға тегін ауызашар беріледі.

Сонымен қатар, түрлі дәрістер мен рухани кездесулер ұйымдастырылады.

Имам кәсіпкерлерге үндеу жасап, Рамазан құрметіне әлеуметтік маңызы бар тауарлар мен азық-түлік бағасын 10%-ға төмендетуге шақырды. Сонымен қатар, тұрғындарға қасиетті айда алкоголь өнімдерін сатудан және ішуден бас тарту ұсынылды.

Ай бойы қала мешіттерінде діни дәрістер, түсіндіру жұмыстары және мерекелік шаралар өтеді. Олардың ішінде рухани дәстүрлерді жандандыруға бағытталған «Жарапазан-Party» байқауы да бар.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Алматы #рамазан #дайындық
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Жәния Бекмұхамбетова Таиландтағы WTT Youth Contender турнирінде қола медаль жеңіп алды

Бүгін 18:44

Қазақстан құрамасы секіру дисциплиналары бойынша Азия чемпионатын бір медальмен аяқтады

Бүгін 18:42

Қазақстандық спортшылар Мәскеудегі қоян-қолтық ұрыстан әлем кубогы кезеңінде медаль жеңіп алды

Бүгін 18:39

Алматы қаласы Білім басқармасының басшысы болып Сәкен Аралбаев тағайындалды

Бүгін 18:37

Рабиға Сыздық көшесінің бір бөлігінде қозғалыс 2,5 айға шектеледі

Бүгін 17:50
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);