AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Рамазан айында тамақтан бөлек қандай амалдардан ты...

Рамазан айында тамақтан бөлек қандай амалдардан тыйылған дұрыс?

Әлеумет 01.03.2025, 12:08 1,409 dulatbekova
Рамазан айында тамақтан бөлек қандай амалдардан тыйылған дұрыс?
Сурет: ЖИ

Қасиетті Рамазан айы келді. 

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы шариғат және пәтуа бөлімінің маманы Елбек Тасболатұлынан оразаны бұзатын және бұзбайтын жағдайлар туралы сауалдарға жауап алынды, деп хабарлайды aqshamnews.kz.

  • Түкірігін жұту

Ораза кезінде адам түкірігін де, сілекейін де жұта алады, оразаға кедергісі жоқ.

  • Тіс жұлдыру

Егер қажеттілік болса, тісті жұлдыру керек. Бірақ, мүмкіндігінше ауызашарға қалдырғар абзал, өйткені тіс жұлдырғанда немесе емдеткенде көбіне сырттан әртүрлі заттар немесе су жұтып қою қаупі жоғары. Егер жұтынып қойса, бір күндік қазаны өтейді.

  • Душқа және бассейнге түсу

Ораза кезінде душқа түсуге болады, бірақ душтың буланып кетуінен сақ болған жөн. Бассейнге баспен сүңгімей шомылуға болады, өйткені су астына сүңгу ұнамсыз іс саналады.

  • Массажға бару

Дененің сыртқы жағы болғандықтан, денеге май жағудың оразаға кедергісі жоқ. Массаж жасата беруге болады. Ал массаж жасайтын мамандар өздері қатты әлсіреп, оразада қиналып қалмайтындай, мүмкіндігінше ауыр жұмыс істемегені абзал. Жалпы бұл жұмыстың оразаға келіп кетері жоқ.

  • Пластикалық ота

Пластикалық хирургия оразаға тікелей қатысты емес. Егер пластикалық ота кезінде ауырсынуды басатын дәрі ексе, оразаға кедергісі жоқ. Мұндай укол оразаны бұзбайды.

  • Кальян шегу және темекі түтінін жұту

Кальянға Рамазан айында ғана емес, жай күндері де тыйым салынады. Ал ораза кезінде тіпті болмайды, өйткені түтінді әдейі жұту – оразаны бұзатындардың қатарында. Темекі тарту немесе шылым шеккен адамның қасында әдейі тұру, сол арқылы түтінді жұту оразаны бұзады. Егер көшеде темекі тартқан адамның жанынан өткенде еріксіз темекі түтінін жұтып қойсаңыз, бұл жағдайда оразаңыз бұзылмайды.

  • Қыз бен жігіттің әлеуметтік желіде хат жазысуы

Оразаға тікелей қатысы жоқ. Шариғатта үйлену ниетінде жазып жатыр ма, жоқ па соған қарайды. Егер үйлену ниетінде болмай, күнә істеп жатса, ол ораза айында болсын, басқа күндері болсын күнә болып есептеледі.

  • Балағат сөздер айту

Адам оразаның сауабын сақтау үшін жаман сөздерден аулақ болуы керек. Қасиетті айда әдейі боқтау оразаны бұзбаса да, оның сауабын кемітеді деп есептейміз. Байқаусызда боқтау – бұл да жаман әдет.

  • Ұятты видео, фильм көру

Ұятсыз фильм көру – жалпы тыйым салынған амал. Күнә саналады, оразада адамның сауабын кемітеді, тіпті сауапсыз қалуы мүмкін. Сондықтан ораза кезінде мұндай әрекеттерден тыйылу керек. Оразаның бір мақсаты – адамды өз-өзін тәрбиелеуге себепкер болатын амал-құлшылық жасау.

  • Макияж және маникюр жасату

Оразаға тікелей қатысы жоқ. Себебі мұндай нәрселер дәретке кедергі болса да, оразаға кедергі болмайды.

  • Қызмет барысында немесе отбасылық жағдайда ашулану, дауласу, сөзге келу

Бұлар оразаны бұзбайды, бірақ сауапты азайтады.

  • Банктен кредит алу

Банктен несие алуға жалпы рұқсат етілмеген, ал оразада сауабын азайтуға себеп болып қалады. Сондықтан Рамазан айында бойымызды күнәдан барынша аулақ ұстап, оразадан кейін де соны жалғастыруға тырысқан жөн.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#ораза #рамазан #тыйым
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Астанада жеке сектордағы жалындаған өрт ауыздықталды

Бүгін 11:51

KAZ Minerals шахтасында тағы бір жұмысшы қаза тапты

Бүгін 10:29

Тоқаев: Қуғын-сүргін құрбандарын жадымызда сақтау – қастерлі борыш

Бүгін 09:08

«AMANAT» партиясы экологиялық акция аясында 300-ден астам алматылық жасты біріктірді

Кеше 17:42

Алматыда Балаларды қорғау күніне арналған BALA FEST – 2026 фестивалі өтеді

Кеше 17:38
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);