Freedom Референдум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Алматы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Алматы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Мұны білген жөн / Ораза-2026: жиі қойылатын сұрақтар қандай?

Ораза-2026: жиі қойылатын сұрақтар қандай?

Мұны білген жөн Бүгін 11:18 23
Ораза-2026: жиі қойылатын сұрақтар қандай?

Қасиетті Рамазан айы қарсаңында мұсылман жамағатын мазалайтын сұрақтар аз емес. Тіс қанаса ораза бұзыла ма, әтір иіскеуге бола ма, сәресіне ұйықтап қалса не істейді? Толығырақ Аqshamnews.kz материалында.

Тіс қанаса, ораза бұзыла ма?

ҚМДБ өкілдерінің айтуынша, бұл қанның мөлшеріне байланысты.

  • Егер қан көп мөлшерде ағып, байқамай жұтылып кетсе - ораза бұзылады, кейін қазасы өтеледі.

  • Ал қан аз мөлшерде болып, жұтылмаса - ораза бұзылмайды.

Ата-анасы рұқсат бермесе, бала ораза ұстай ала ма?

Рамазан айында ораза тұту - ақыл-есі дұрыс, балиғат жасына жеткен әрбір мұсылманға парыз. ҚМДБ мамандарының айтуынша, оразаның парыз екенін ата-анасына дін маманы арқылы түсіндірген жөн. Егер ата-ана баланың денсаулығына алаңдаса, сенімді дәрігерлермен кеңесу қажет.

Ал балиғат жасына жетпеген балалар мен ақыл-есінен ауысқан адамдарға ораза парыз емес. Бұл жайлы хадисте:

Үш адамнан қалам көтерілді: айыққанға дейін жынданған адамнан, оянғанға дейін ұйқыдағы адамнан, балиғатқа толғанға дейін баладан, - делінген.

Әтір себіну немесе иіскеу оразаны бұза ма?

ҚМДБ-ның ресми жауабына сәйкес, әтір иіскеу немесе себіну оразаны бұзбайды. Себебі әтірдің түтін секілді физикалық массасы жоқ. Ғалымдардың еңбектерінде де аузы берік адамның гүл, әтір сияқты заттарды иіскеуінің мәкрүһ емесі айтылған.

Жасанды кірпік жалғап, тырнақ жасағандарға ораза ұстауға бола ма?

Имамдардың айтуынша, шаш бояу, тырнақ жасау, жасанды кірпік жалғау оразаға кедергі емес. Алайда бұл амалдар кезінде мұрын немесе тамақ арқылы ішке бірнәрсе кетіп қалмауына мұқият болған жөн.

Оразада әйелін сүюге, құшақтауға бола ма?

Айша анамыздың (Алла оған разы болсын) риуаятында Пайғамбарымыздың (с.ғ.с.) ораза кезінде жұбайларын сүйіп, құшақтағаны айтылады. Имамдардың түсіндіруінше:

  • Егер адам өз-өзіне ие болып, шәует бөлінбейтініне және жыныстық қатынасқа апармайтынына сенімді болса - рұқсат.

  • Ал сенімді болмаса - сақтанғаны абзал. Ал баланы иіскеп сүюдің еш айыбы жоқ.

Сәресіне ұйықтап қалған адам не істейді?

Егер адам сәресіне тұра алмай ұйықтап қалса:

  • Оянған соң ешнәрсе ішіп-жемей, ниет етіп оразасын жалғастырады;

  • Маңыздысы - таң атқаннан кейін тамақ ішпеуі және түске дейін ниет етуі.

Ораза-2026 қашан басталады?

2026 жылы Рамазан айы 19 ақпанда басталады. Бірақ пәтуа мамандары діни мерекелердің нақты күндері жаңа ай көрінуіне байланысты көрсетілген уақыттан бір күн шегерілуі немесе алға жылжуы мүмкін екенін ескерткен болатын.

Пітір садақа мөлшері

Кейінгі бекітілген шешімге сәйкес, пітір садақа мөлшері екі келі ұнның орташа бағасы негізінде есептеледі. 2026 жылы бұл сома 735 теңге болған.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#ораза #рамазан #Ораза-2026 #қасиетті ай
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Әлемнің ең биік жеті шыңын бағындырған тұңғыш қазақ қызымен сұхбат

Бүгін 12:27

Балқашта тұрғын үйдің бір бөлігі опырылып түсті - видео

Бүгін 12:23

Қысқы Олимпиада: бүгін жарыс жолына кімдер шығады?

Бүгін 12:15

Димаш Құдайберген Алматыдағы музейге өзінің алғашқы домбырасын сыйға тартты

Бүгін 12:04

Алматыда Франсис Пуленктің монооперасы алғаш рет қазақ тілінде орындалады

Бүгін 11:47
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі