AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Енді Моңғолиядан келген қандастар зейнетақы қорынд...

Енді Моңғолиядан келген қандастар зейнетақы қорындағы ақшасын Қазақстанға аудара алады

Әлеумет 22.01.2026, 14:44 534
Енді Моңғолиядан келген қандастар зейнетақы қорындағы ақшасын Қазақстанға аудара алады
Сурет: Gov.kz

Сенат депутаттары Қазақстан мен Моңғолия үкіметтері арасындағы зейнетақы саласындағы ынтымақтастық туралы келісімді ратификациялау жөніндегі заңды қарап, қабылдады, деп хабарлайды Аqshamnews.kz тілшісі. 

Құжат екі ел азаматтарының зейнетақы құқықтарын қорғауға бағытталған. Атап айтқанда, еңбек өтілін есепке алу, сондай-ақ зейнетақы төлемдерін тағайындау мен жүзеге асыру тәртібін нақтылайтын құқықтық тетіктерді қалыптастыруды көздейді.

Бұған дейін келісімнің маңызды жаңалығы ретінде Моңғолиядан келген қандастардың зейнетақы қорындағы жинағын Қазақстанға аудару мүмкіндігі қарастырылғаны айтылған. Бұл құжатқа 2024 жылғы 29 қазанда Ұлан-Батырда қол қойылып, кейін оны Мәжіліс ратификациялаған еді.

Ішкі істер министрлігінің мәліметінше, 2025 жылы Қазақстанға Моңғолияның 43 352 азаматы кіріп, 43 001 адам елден шыққан. Ал 2024 жылы 44 240 азамат кіріп, 40 916 адам шыққан.

Қазір Қазақстанда Моңғолияның 6 755 азаматы тұрақты тұрады, оның 6 236-сы – қандастар. 2025 жылы 979 адам тұрақты тұруға рұқсат алған. Сондай-ақ ҚР азаматтығын Моңғолияның 752 азаматы алған, олардың 744-і – қандастар.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#моңғолия #қанадас #зейнетақы
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Ұлттық киім – ұлт мақтанышы

Бүгін 15:51

Алматы Наурызды қарсы алуға дайын: қалада мерекелік қарбалас күшейді

Бүгін 15:48

Наурыз көжеге кететін шығын: биылғы баға қандай?

Бүгін 15:42

Мемлекет басшысы «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ басқарма төрағасы Мейіржан Юсуповты қабылдады

Бүгін 15:35

Депутаттар волонтерлік қызметті еңбек өтіліне енгізуді ұсынды

Бүгін 15:29
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика