AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Билік / Мемлекет басшысы «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ басқар...

Мемлекет басшысы «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ басқарма төрағасы Мейіржан Юсуповты қабылдады

Билік Бүгін 15:35 34
Мемлекет басшысы «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ басқарма төрағасы Мейіржан Юсуповты қабылдады
Сурет: Ақорда

Президентке компания қызметінің былтырғы нәтижелері мен алдағы кезеңге арналған жоспары жөнінде мәлімет берілді, – деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі.

Мейіржан Юсупов:

өткен жылдың қорытындысы бойынша холдингтің өндіріс көлемі 25,8 мың тонна уранды құрағанын, соның ішінде компания үлесіне 13,5 мың тонна тиесілі екенін баяндады.

Сауда-саттық көлемі 11 пайызға өсіп, 18,5 мың тонна болды.

Мемлекет басшысының бұған дейін берген тапсырмаларын орындау аясында «Қазатомөнеркәсіп» еліміздің минерал-шикізат базасын ұлғайту және геологиялық барлау жұмыстарын жүйелі түрде жалғастырып келе жатқанын атап өтті.

Жалпы ауданы 1 мың шаршы шақырымнан асатын алты жаңа перспективалы уран учаскесінен тұратын портфель қалыптасты, ал 2030 жылға дейін геологиялық барлау жұмыстарына жоспарланған инвестициялардың жалпы көлемі 75-85 миллиард теңгені құрайды.

уран өндіруші өңірлерді әлеуметтік қолдау туралы ақпарат ұсынды.

Мәселен, 2025 жылы компания облыстардың әлеуметтік-экономикалық дамуына 11 миллиард теңгеден аса, соның ішінде келісімшарттық міндеттемелер аясында 6 миллиард теңге қаражат бөлді.

2025-2034 жылдарға арналған даму стратегиясына сәйкес, компания жаңа өткізу нарықтарына қатысуды кеңейтіп келеді.

Былтыр швейцариялық AxpoPower AG, чехиялық ČEZ Group және жапондық Kansai Electric Power Co., Inc. компанияларымен уран жеткізу жөнінде келісімшарттар жасалды.

Қазіргі уақытта Үндістанға табиғи уран концентраттарын жеткізу бойынша ұзақмерзімді келісімшарт жасау жөніндегі жұмыстар жалғасуда.

Кәсіпорын ғылыми зерттеулер мен инновациялар саласындағы жобаларға да атсалысады. Өндіріс тиімділігін арттыруға, экологиялық зиянды азайтуға және озық технологияларды енгізуге бағытталған 2034 жылға дейінгі ғылыми-технологиялық даму стратегиясы әзірленді.
 
«Қазатомөнеркәсіптің» жария компания ретіндегі жетістіктеріне тоқталды.

2018 жылы IPO-ға шыққан сәттен бастап компанияның нарықтық капиталдандырылуы 7 еседен аса өсті.

Мемлекет басшысы ресурстық базаны одан әрі дамыту, халықаралық ынтымақтастықты кеңейту және әлеуметтік бастамаларды іске асыру жөнінде бірқатар тапсырма берді.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#мемлекет басшысы #қабылдау #Ақорда
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Жолдарда су тасқынына дайындық жүргізіліп жатыр

Бүгін 17:09

Алматылықтар ұлттық киім киіп, Наурызды мұз айдынында атап өтіп жатыр

Бүгін 16:59

Наурыз мейрамы қарсаңында қосымша пойыздар қосылады

Бүгін 16:56

Алматы тұрғыны SIM-карталарды тіркеу схемасына қатысқаны үшін сотталды

Бүгін 16:30

Алматыдағы форумда жастардың жаңа Конституцияны қабылдаудағы рөлі айтылды

Бүгін 16:20
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика