AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Ұлттық киім – ұлт мақтанышы

Ұлттық киім – ұлт мақтанышы

Әлеумет 18.03.2026, 15:51 259 dulatbekova
Ұлттық киім – ұлт мақтанышы
Сурет: автордан

Наурызнама онкүндігі аясында 18 наурыз – Ұлттық киім күніне орай Алматы қаласында тағылымы мол мәдени іс-шара өтті. Атаулы күннің мән-маңызын арттыру, ұлттық құндылықтарды насихаттау және жастардың бойында ұлттық рухты қалыптастыру мақсатында ұйымдастырылған «Ұлттық киім – ұлт мақтанышы» атты сән көрсетілімі көпшілікке ерекше әсер сыйлады.

Іс-шараны Алматы қаласының Орталықтандырылған кітапханалар жүйесіне қарасты №20 кітапхана ұжымы мен Алматы қаласы Білім басқармасына қарасты Алматы сән және қызмет көрсету саласы колледжі бірлесіп ұйымдастырды.

Шараның ашылу салтанатында сөз алған колледж директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Омарова Күнімай Нұрлыбайқызы жиналған қауымды Ұлттық киім күнімен құттықтап, ұлттық киімнің ұлт болмысындағы ерекше орнын атап өтті. Ол өз сөзінде ұлттық құндылықтарды сақтау мен оны жас ұрпақтың бойына сіңіру – бүгінгі күннің басты міндеттерінің бірі екенін жеткізіп, осындай тағылымды іс-шаралардың маңыздылығына тоқталды.

Ұлттық киім күні – халқымыздың бай мәдени мұрасын, салт-дәстүрін, ұлттық болмысын айшықтайтын ерекше мереке. Бұл күні ата-бабамыздан мирас болып қалған ұлттық киімдердің көркемдігі, олардың әрбір ою-өрнегінің терең мағынасы мен тәрбиелік мәні кеңінен насихатталады.

Шара барысында колледж студенттері қазақ халқының дәстүрлі киім үлгілерін заманауи сәнмен үйлестіре отырып, көрермендер назарына ұсынды. Әсіресе, жас ерекшеліктеріне сай дайындалған киім топтамалары ұлттық нақыш пен қазіргі стильдің үйлесімін айқын көрсетті. Сән көрсетілімі көрермендерге эстетикалық әсер сыйлап қана қоймай, ұлттық киімге деген қызығушылықты арттыра түсті.

Іс-шараға арнайы шақырылған қонақтар – «Сенімен Болашақ» республикалық қоғамдық бірлестігінің Алматы филиалы мен «Қазақ аналары – дәстүрге жол» республикалық қоғамдық бірлестігінің өкілдері де ұлттық құндылықтардың маңыздылығына тоқталып, жастарға өздерінің ақжарма тілектерін білдірді. Әжелеріміз ұлттық тәрбие мен салт-дәстүрдің сабақтастығы жайлы тағылымды ойларымен бөлісті.

Аталған шара ұлттық мәдениетті сақтау мен дәріптеуде маңызды рөл атқарып, жас ұрпақтың ұлттық құндылықтарға деген құрметін арттыруға өз үлесін қосты. Сонымен қатар, ұлттық киімді заманауи сәнмен ұштастыру арқылы оның өміршеңдігін дәлелдей түсті.

Ұлттық киім – халқымыздың рухани болмысы мен мәдени кодының ажырамас бөлігі. Сондықтан мұндай іс-шаралар ұлттық мұраны жаңғыртып қана қоймай, ел бірлігін нығайтып, ұлт мақтанышына айналары сөзсіз.

Алматы сән және қызмет көрсету саласы колледжінің

кітапхана меңгерушісі Жандар Сәуле Илиясқызы

Телеграм арнаға жазылыңыз
#ұлттық киім #Мақтаныш
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Күштірек, жылдамырақ, ақылдырақ: Алматы жастары «Бес қару» сынынан өтті

Бүгін 18:39

Қазақстан мен Әзербайжан «ТурАн» атты бірлескен туроператорды іске қосты

Бүгін 18:37

Астанада тіс емдетуге барған 20 жастағы жігіт көз жұмды

Бүгін 17:51

Алматыда «Таза Қазақстан» акциясы аясында жергілікті сенбілік өткізілді

Бүгін 15:57

Алматы қаласының әкімі  кітап оқу эстафетасын жалғастырды

Бүгін 14:36
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика