AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Депутаттар волонтерлік қызметті еңбек өтіліне енгі...

Депутаттар волонтерлік қызметті еңбек өтіліне енгізуді ұсынды

Әлеумет 18.03.2026, 15:29 211 dulatbekova
Депутаттар волонтерлік қызметті еңбек өтіліне енгізуді ұсынды

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева атына Ауыл партиясы фракциясының депутаттары волонтерлік қозғалысты дамытуға қатысты депутаттық сауал жолдады, – деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі.

Сауалда атап өтілгендей, 2026 жылғы 30 қаңтарда Мемлекет басшысының қатысуымен өткен волонтерлер форумында жастар «Ауыл жастары» қозғалысы атынан бірқатар өзекті мәселелерді көтерген. Атап айтқанда, волонтерлердің өмірін сақтандыру және олардың қызметін еңбек өтіліне енгізу мәселелері талқыланған.

Депутаттардың мәліметінше, Қазақстанда волонтерлік қозғалыс қарқынды дамып келеді. Егер 2020 жылы елде шамамен 50 мың ерікті болса, бүгінде олардың саны 300 мыңға жеткен. Қазіргі таңда 800-ден астам ұйым жұмыс істеп, еріктілер экология, білім, мәдениет, әлеуметтік қолдау және төтенше жағдайлардың салдарын жою бағыттарында белсенді қызмет атқаруда.

Сонымен қатар, қолданыстағы заңнама волонтерлікті тек қоғамдық қызмет ретінде қарастырып, оны еңбек өтіліне қоспайды. Сондай-ақ, еріктілерді міндетті сақтандыру нормалары да қарастырылмаған.

Депутаттар бұл бағытта Қасым-Жомарт Тоқаев бұған дейін волонтерлік сағаттарды еңбек өтіліне енгізу қажеттігін атап өткенін еске салды.

Осыған байланысты халық қалаулылары бірқатар ұсыныс білдірді. Атап айтқанда, тұрақты түрде волонтерлікпен айналысатын азаматтар үшін еңбек өтілін есептеуде волонтерлік сағаттарды енгізу бойынша пилоттық жобаны іске қосу ұсынылды. Сонымен қатар, еріктілердің өмірі мен денсаулығын сақтандыру мәселесін қарастыру және 2030 жылға дейінгі волонтерлікті дамыту бағдарламасына қосымша әлеуметтік қолдау шараларын енгізу қажеттігі айтылды.

Депутаттар Үкіметтен аталған ұсыныстарды қарастырып, заңнамаға сәйкес жауап беруді сұрады.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Депутаттар #волонтерлік
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Күштірек, жылдамырақ, ақылдырақ: Алматы жастары «Бес қару» сынынан өтті

Бүгін 18:39

Қазақстан мен Әзербайжан «ТурАн» атты бірлескен туроператорды іске қосты

Бүгін 18:37

Астанада тіс емдетуге барған 20 жастағы жігіт көз жұмды

Бүгін 17:51

Алматыда «Таза Қазақстан» акциясы аясында жергілікті сенбілік өткізілді

Бүгін 15:57

Алматы қаласының әкімі  кітап оқу эстафетасын жалғастырды

Бүгін 14:36
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика