Freedom Референдум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
Референдум 00 күн 00 : 00 : 00
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
Референдум 00 күн 00 сағ 00 мин 00 сек
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Бас мүфти: ҚМДБ ислам қаржысы секторы ашылады

Бас мүфти: ҚМДБ ислам қаржысы секторы ашылады

Әлеумет 14.01.2026, 21:24 300
Бас мүфти: ҚМДБ ислам қаржысы секторы ашылады
Cурет: Muftyat.kz

Бұл туралы Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы Наурызбай қажы Тағанұлы дін қызметкерлеріне жолдаған Бағдарлық баяндамасында айтты, - деп хабарлайды Aqshamnews.kz.

«Аллаға шүкір, халқымыздың Ислам дінін ұстануы, сонымен қатар қоғамда діни сананың күн санап артуы адал табысқа деген сұранысты күшейтті. Мұсылмандар күнделікті қаржылық істерінде өсімқорлықтан, әділетсіз келісімдерден және күмәнді табыстан сақтануға тырысады. Соның нәтижесінде Ислам қаржысы қағидаларына негізделген өнімдер мен қызметтерге деген қажеттілік арта түсті.

Қоғамдағы бұл сұраныс қаржы жүйесінің құрылымдық өзгеруіне түрткі болуда. Дәстүрлі банк қызметтерімен қоса исламдық қаржыландыру, серіктестікке негізделген келісімдер, лизинг, сақтандырудың исламдық түрі сияқты бағыттарға сұраныс артуда. Бұл қаржы жүйесінің әділеттілік пен әлеуметтік жауапкершілікке негізделуіне жол ашуда. Бұл ретте халықтың Исламға бет бұруы шариғи қаржы саласында пәтуалардың рөлін арттырып отырғанын айта кеткен жөн.

Қаржыға қатысты діни сұрақтардың көбеюін және қоғамда осы салаға байланысты сұраныстың артуын ескеріп, ҚМДБ Ислам қаржысы секторын ашу туралы шешім қабылдадым. Аталған сектор қаржылық өнімдерге шариғи сараптама жасап, қоғамға сенімді әрі бірізді пәтуа ұсынатын болады»,- деді Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы.

Айта кетейік, лизинг, сақтандыру, инвестиция, облигация, цифрлық активтер мен электронды төлем жүйелері секілді жаңа қаржылық құралдарға шариғат тұрғысынан баға беру – осы сектордың басты міндеттерінің бірі болмақ.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#ҚМДБ #ислам қаржысы #сектор
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыда әлеуметтік маңызы бар азық-түлік өнімдерінің бағасын қолдау шаралары жалғасып келеді

Бүгін 12:13

Қазақстанда «Nauryz Sale» мерекелік акциясы басталды

Бүгін 11:44

Алматыда көктемгі дератизация жұмыстары басталады

Бүгін 11:01

Алматыда Жамбыл жыры мен Дина күйі ұлықталды

Бүгін 10:55

Жол инфрақұрылымының жаңғыруы: жаңа көлік дәліздері және өңірлердің дамуы

Бүгін 10:41
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика