Freedom Референдум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
Референдум 00 күн 00 : 00 : 00
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
Референдум 00 күн 00 сағ 00 мин 00 сек
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Мәдени Алматы / Алматыда Жамбыл жыры мен Дина күйі ұлықталды

Алматыда Жамбыл жыры мен Дина күйі ұлықталды

Мәдени Алматы Бүгін 10:55 50
Алматыда Жамбыл жыры мен Дина күйі ұлықталды
Қайрат Қонысбаев

Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық халық аспаптар оркестрі сахнасында күй мен ән өнерін дәріптеген ерекше концерт өтті, – деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі.

Мерекелік кеш қазақтың ұлы ақыны Жамбыл Жабаевтың 180 жылдығы мен әйгілі күйші Дина Нұрпейісованың 165 жылдығына арналды.

Концерттік бағдарламада ұлттық оркестрдің сүйемелдеуімен Жамбылдың жырлары мен әндері, сондай-ақ Дина Нұрпейісованың күйшілік мұрасынан күйлер орындалды. Кештің басты кейіпкері – қазақ музыка тарихындағы тұңғыш кәсіби оркестр саналатын Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық халық аспаптар оркестрі болды.

Сахна төрінде Қазақстанның халық әртісі, дәстүрлі әнші Рамазан Стамғазы, белгілі күйші Айгүл Үлкенбаева, «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері, оркестр әртісі Сағдат Ақжолова, сондай-ақ халықаралық және республикалық байқаулардың лауреаттары, оркестр әртістері Мөлдір Қойысова мен Шаттық Уатхан өнер көрсетті. Олар ұлттық оркестрмен бірге халыққа әсерлі музыкалық бағдарлама ұсынды.

Ұжымның көркемдік жетекшісі – Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Батыржан Мықтыбаев. Ал бас дирижері – «Құрмет» орденінің иегері Абылай Тілепберген. Сонымен қатар Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Жексен Айсын мен Нарын Қажғали дирижерлік шеберліктерін паш етті.

Оркестр директоры Медет Қуанышевтің айтуынша, ұжым биылғы концерттік маусымды әйгілі композитор Ахмет Жұбановтың 120 жылдығына арналған концертпен бастаған.

– Биылғы алғашқы концертімізді Ахмет Жұбановтың мерейтойына арнадық. Ал бүгінгі кеште Дина мен Жамбылдың өнерін қатар дәріптеуді жөн көрдік. «Жамбылдың жыры, Динаның күйі» атты бұл кеш арқылы көрерменге ерекше бағдарлама ұсынғымыз келді. Әр концертімізге үлкен дайындықпен шығамыз. Алдағы уақытта саундтрек концерттері, мюзиклдер, сондай-ақ Жамбылдың 180 жылдығына байланысты театрлармен бірлескен үлкен жобалар жоспарланып отыр, – деді ол.

Ал әнші, «Алатау» дәстүрлі өнер театрының әртісі Шаттық Уатхан концертте Жамбылдың кеңінен танымал лирикалық туындысы «Үгәй-ай» әнін орындағанын айтты.

– Бүгінгі концертте өнер көрсету – мен үшін зор қуаныш. Жамбылдың лирикалық шығармашылығында халыққа кеңінен танылған «Үгәй-ай» әнін орындадым. Оркестрмен бірге арнайы дайындалдық. Жалпы, Жамбыл шығармашылығын зерттегенде оның лирикалық мұрасына көбірек көңіл бөлу керек деп ойлаймын. Ақынның ғашықтық кезеңінде Бұрым есімді сұлуға арнап шығарған әні бар деген деректер де кездеседі, – деді әнші.

Мерекелік кеш аясында ҚР Орталық мемлекеттік кино‑фотоқұжаттар мен дыбыс жазбалар архивімен бірлесіп ұйымдастырылған көрме де көпшілік назарына ұсынылды. Көрмеде Жамбыл Жабаев пен Дина Нұрпейісованың өмірі мен шығармашылығына қатысты сирек фотосуреттер, тарихи құжаттар мен архивтік деректер қойылды. Бұл экспозиция ұлы тұлғалардың рухани мұрасын танытып, олардың өнердегі орны мен өмір жолын кеңінен насихаттауға бағытталды.

Дана САДЫРҚАН

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Жамбыл Жабаев
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыда әлеуметтік маңызы бар азық-түлік өнімдерінің бағасын қолдау шаралары жалғасып келеді

Бүгін 12:13

Қазақстанда «Nauryz Sale» мерекелік акциясы басталды

Бүгін 11:44

Алматыда көктемгі дератизация жұмыстары басталады

Бүгін 11:01

Жол инфрақұрылымының жаңғыруы: жаңа көлік дәліздері және өңірлердің дамуы

Бүгін 10:41

Көрісу күні – Наурызнама онкүндігінің алғашқы күні

Бүгін 10:19
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика