AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Алматыда көктемгі дератизация жұмыстары басталады

Алматыда көктемгі дератизация жұмыстары басталады

Әлеумет 14.03.2026, 11:01 245 yakiya
Алматыда көктемгі дератизация жұмыстары басталады

2026 жылы 15 наурыз бен 30 сәуір аралығында Алматыда көктемгі жаппай дератизация жүргізіледі, – деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі.

Бұл жұмысты Алматы қаласының Коммуналдық инфрақұрылым және тұрғын үй инспекциясы басқармасы мердігер ұйым — «Эко Сервис Алматы» ЖШС-мен бірлесіп ұйымдастырады.

Іс-шараның негізгі мақсаты — жұқпалы аурулардың таралуының алдын алу және қала аумағындағы санитариялық қауіп-қатерлерді азайту.

Көктемгі кезең аясында жалпы ауданы 47 гектардан асатын ортақ пайдаланылатын аумақтар дәріленеді. Жұмыстар кеміргіштердің негізгі мекендейтін орындарда жүргізіледі: ашық биотоптарда, жасыл аймақтарда, кеміргіштердің індерінде, арық желілерінде, өзен мен су айдындарының жағалауларында, сондай-ақ қоғамдық көлік аялдамалары маңында.

Сонымен қатар жеке сектор тұрғындарына қолдану жөніндегі толық нұсқаулығымен бірге кеміргіштерге арналған улы жем тегін таратылады.

Қалалық қызметтер «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің 107-бабына сәйкес жеке және заңды тұлғалар өздеріне тиесілі аумақтарда дезинфекция, дезинсекция және дератизация жұмыстарын өз бетінше жүргізуге міндетті екенін еске салады.

Осыған сәйкес, жеке тұрғын үйлердің, ғимараттардың және жер аумақтарының дератизациясын олардың иелері жүргізеді. Ал кондоминиум нысандарының ортақ мүлкін — жертөлелерді, шатырларды, баспалдақ алаңдарын және үй маңындағы аумақтарды өңдеу МИБ/ПИК, сондай-ақ меншік иелері мен жалға алушылардың қаражаты есебінен жүзеге асырылады.

Қалалық қызметтер заңды тұлғаларды, МИБ/ПИК-терді өздеріне қарасты ғимараттарда, аумақтарда және қатты тұрмыстық қалдықтарға арналған контейнер алаңдарында дератизация жұмыстарын қалалық жаппай өңдеу науқанына қатар ұйымдастыруға шақырады. Мұндай кешенді тәсіл іс-шаралардың тиімділігін арттырып, кеміргіштер санын азайтуға мүмкіндік береді.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#дератизация
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматы базарларында ұлттық ойындар бойынша жастар фестивалі өтіп жатыр

Бүгін 17:14

Ұлттық құндылық: жоғалып бара жатқан мұра ма, әлде жаңаша жаңғыру ма?

Бүгін 17:12

Қазақстанның 180-нен астам оқушысы математикадан бақ сынады: Алматыда үздік жас зияткерлер марапатталды

Бүгін 16:56

Алматыда «AMANAT» партиясының ауқымды жобасы бастау алды

Бүгін 16:17

Қазақстан Қорғаныс министрлігі әскери қызметшілерге төлем жасау қағидаларын жаңартты

Бүгін 15:33
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика