Freedom Референдум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
Референдум 00 күн 00 : 00 : 00
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
Референдум 00 күн 00 сағ 00 мин 00 сек
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Алматыда әлеуметтік маңызы бар азық-түлік өнімдері...

Алматыда әлеуметтік маңызы бар азық-түлік өнімдерінің бағасын қолдау шаралары жалғасып келеді

Әлеумет Бүгін 12:13 104
Алматыда әлеуметтік маңызы бар азық-түлік өнімдерінің бағасын қолдау шаралары жалғасып келеді

Алматыда әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасын тұрақтандыру бойынша кешенді шаралар жүзеге асырылып келеді, – деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі.

Атап айтқанда, тауық еті, жұмыртқа, қант, көкөністер, жармалар, ұн, сүт өнімдері, өсімдік майы және басқа да негізгі азық-түлік өнімдерінің бағасы шектелген.

Бағаны тұрақтандыру жүйесінің негізі – нарықты азық-түлікпен уақытылы қамтамасыз ететін және бағаның тапшылығы мен күрт ауытқуын болдырмайтын өңірлік тұрақтандыру қоры. Сонымен қатар, жеңілдікті қарыздар мен өндірушілер және сауда желілерімен жасалатын форвардтық келісімшарттар қолданылады. Олар жеткізілім көлемін және өнімнің бағасын белгілі бір мерзімге бекітеді. Барлық тұрақтандыру тетігін «Алматы» ӘКК жүзеге асырады.

Қазіргі уақытта «Алматы» ӘКК отандық өндірушілермен қарыз шарттарын жүргізіп отыр. Мысалы, «Сары-Бұлақ» құс фабрикасы 2027 жылдың қазан айына дейін бірінші санаттағы 86,4 млн дана жұмыртқаны өндіру және сату жөнінде келісімге отырды. Сауда желілеріндегі бағасы бір дана үшін 59 теңгеден жоғары болмайды. Өнімді Magnum, Small, Metro, A-store сауда желілерінен және «Алатау-құс» фирмалық дүкендерінен сатып алуға болады.

Құс етін өндірушілермен де келісімдер жасалған. «Алатау-құс» өндірушісімен келісім бойынша фирмалық дүкендерде сан мен жамбас еті келісіне 1 100 теңгеден бастап, сирақ келісі 1 650 теңге деп бекітілген. Сонымен қатар, Nauryz Agro KZ компаниясымен жамбас пен сан етінің бағасы келісіне 1 250 теңге деңгейінде тұрақтандырылды. Өнімді Magnum сауда желісінен келісіне 1 438 теңгеге дейінгі бағамен сатып алуға болады. Бұл тауарлар бойынша бағаны тұрақтандыру үш жылға дейінгі мерзімге қамтамасыз етілген.

«Алматы» ӘКК қаланың ірі сауда желілерімен де серіктестік орнатқан. Magnum Cash&Carry желісі арқылы жалпы көлемі 10 440 тонна көкөністің бағасы тұрақты деңгейде сақталып отыр. Бұл тізімге 5 120 тонна картоп, 2 000 тонна сәбіз, 2 120 тонна пияз, 1 200 тонна қырыққабат кіреді. Өнімдер сәуір айының соңына дейін бекітілген бағамен сатылады.

Бұған қоса, «Алматы» ӘКК мен Magnum Cash&Carry арасында 11 атау бойынша 606 тонна әлеуметтік маңызы бар азық-түлік өнімдерінің бағасын тұрақтандыруға арналған келісім бар. Оған қарақұмық жармасы, күріш, макарон өнімдері, күнбағыс майы, жұмсақ қаптамадағы майлылығы 2,5% айран, майлылығы 72,5% сары май, майлылығы 2,5% пастерленген сүт, тауық еті, сиыр еті (кеуде-жамбас бөлігі), бірінші сортты ұн және тұз кіреді. Бағаны тұрақтандыру наурыз айының соңына дейін қолданылады. Мерзім аяқталған соң жаңа келісім жасау жоспарлаған.

Сондай-ақ, «Алматы» ӘКК жергілікті тауарөндірушілерден 4 500 тонна қант сатып алды. Отандық қант Magnum, Small, Toimart, «Столичный», «Юбилейный» және басқа сауда желілері арқылы бастапқы бағадан 10%-дан аспайтын деңгейде сатылады. «Алматы» ӘКК-нің бастапқы бағасы келісіне 405 теңге, сауда үстемесі 10%-дан жоғары болмайды. Бағаны тұрақтандыру биыл қарашаға дейін қолданыста болады.

«Алматы» ӘКК-нің бағаны тұрақтандыру жөніндегі шаралары туралы толық ақпаратты https://almatyazyk.kz сайтынан білуге болады.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#азық-түлік
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Наурыз мейрамында қосымша электрпойыздар қатынайды

Бүгін 13:19

Алматылық құтқарушылар «Көрісу күні» мерекесін атап өтті

Бүгін 12:48

Қазақстанда «Nauryz Sale» мерекелік акциясы басталды

Бүгін 11:44

Алматыда көктемгі дератизация жұмыстары басталады

Бүгін 11:01

Алматыда Жамбыл жыры мен Дина күйі ұлықталды

Бүгін 10:55
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика