Freedom Референдум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
Референдум 00 күн 00 : 00 : 00
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
Референдум 00 күн 00 сағ 00 мин 00 сек
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Қазақстанда «Nauryz Sale» мерекелік акциясы бастал...

Қазақстанда «Nauryz Sale» мерекелік акциясы басталды

Әлеумет Бүгін 11:44 98
Қазақстанда «Nauryz Sale» мерекелік акциясы басталды

Қазақстанда Наурыз мерекесіне орай «Nauryz Sale» республикалық акциясы басталды, – деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі.

Мерекелік науқан 13–23 наурыз аралығында ел аумағында өтіп, жүздеген сауда алаңын біріктіріп, тұрғындар мен ел қонақтары үшін көктемгі жаңару мен тиімді сауданың ерекше атмосферасын қалыптастыруда.

Акция аясында сауда нысандары сатып алушыларға азық-түлік және азық-түлік емес тауарларға 10–70 пайызға дейін жеңілдіктер ұсынуда. Акциялық тауарлар арнайы мерекелік баға белгілерімен және навигациялық көрсеткіштермен белгіленген, бұл келушілерге жеңілдікпен ұсынылған тауарларды оңай табуға мүмкіндік береді.

Акцияға шамамен 300 сауда субъектісі қатысуда. Олардың қатарында 140 сауда үйі мен сауда-ойын-сауық орталығы, 140 сауда желісі және 20 интернет-платформа бар. Қатысушылар арасында еліміздің ірі сауда желілері Magnum Cash&Carry, Small, Galmart, Анвар, Дина, Toimart, Астыкжан, Greenwich және басқалары бар.

Акция барысында отандық өндірушілерді қолдауға ерекше көңіл бөлінуде. Сауда орталықтарында қазақстандық компаниялардың өнімдері ұсынылған арнайы аймақтар ұйымдастырылып, онда тауарлар нарықтық бағадан орта есеппен 10–20 пайызға төмен бағамен сатылуда.

Сатып алушылар да бірқатар тауарлар бағасының айтарлықтай төмендегенін атап өтуде.

«Жеңілдіктер өте көп екенін көріп отырмын. Осы сауда желісінде акция арқылы 5 келі ұнды 1400 теңгеге сатып алдым, сондай-ақ көкөністердің бағасы да төмендеген — картоп пен сәбіз алдым. Шынымды айтсам, 100 теңгелік баға белгілерін бұрыннан көрмеп едім, бүгін шынымен мерекелік жеңілдіктер сезіледі», — деді елорда тұрғыны Ақбота Жақаева.

Мерекелік көңіл күйді еліміздің барлық өңірінде өтіп жатқан ауыл шаруашылығы жәрмеңкелері де толықтыруда. Мұнда тұрғындар жергілікті өндірушілердің жаңа өнімдерін қолжетімді бағада сатып ала алады.

«Nauryz Sale» акциясы Наурызды жалпыхалықтық мерекелеудің бір бөлігіне айналып, отандық бизнесті қолдауға, ішкі сауданы дамытуға және қазақстандықтар үшін мереке қарсаңындағы сауданы одан әрі тиімді етуге бағытталған.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#акция
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Наурыз мейрамында қосымша электрпойыздар қатынайды

Бүгін 13:19

Алматылық құтқарушылар «Көрісу күні» мерекесін атап өтті

Бүгін 12:48

Алматыда әлеуметтік маңызы бар азық-түлік өнімдерінің бағасын қолдау шаралары жалғасып келеді

Бүгін 12:13

Алматыда көктемгі дератизация жұмыстары басталады

Бүгін 11:01

Алматыда Жамбыл жыры мен Дина күйі ұлықталды

Бүгін 10:55
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика