Атырауда ата-енесін өлтірді деген күдіктінің ұсталған сәті жарияланды
Атырау облысында бір отбасы мүшелерін өлтірді деген күдікке ілінген Сұлтан Сәрсемалиев Индонезияның Ломбок аралында ұсталды. ІІМ мәліметінше, күдікті шетелдік әріптестермен бірлескен іс-қимыл нәтижесінде қолға түсірілген, онымен бірге бұрынғы әйелі де анықталған.