Есірткі дүкенін құрды деген күдіктілер шетелде ұсталды

  • 15:18, 08 қыркүйек 2025
Есірткі дүкенін құрды деген күдіктілер шетелде ұсталды Polisia.kz

Қазақстан Ішкі істер министрлігінің Интерпол Ұлттық орталық бюросының сұрауы бойынша Черногорияның Бар қаласында халықаралық іздеуде жүрген екі күдікті ұсталды, - деп хабарлайды Аqshamnews.kz тілшісі Polisia.kz-ке сілтеме жасап. 

Қаскөйлер:

  • есірткі және психотроптық заттарды сату;
  • оларды тұтынуға итермелеу;
  • ұйымдасқан қылмыстық топтың құрамында болу;
  • лауазымды тұлғаға пара беру сынды әрекеттерге барды деп күдікке ілінген.

2024 жылдың басында күдіктілер Telegram мессенджері арқылы интернет-дүкен ашып, есірткі және психотроптық заттарды сатқаны анықталды. Қылмыстық схема бойынша олар курьерлік жұмысқа қабылдау туралы хабарландырулар арқылы басқаларды тартумен, сондай-ақ барлық заңсыз әрекеттерді үйлестірумен және қаржыландырумен айналысқан.

Қазір күдіктілер Черногория аумағында қамауда.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

16:45

16:07

16:04

16:01

15:52

15:49

15:47

15:42

15:18

14:45

14:08

12:47

12:20

11:45

11:10

10:45

10:20

09:48

09:27

08:58

20:19

17:39

17:35

17:25

17:12