Ауызашар: сауап, бәсеке, бизнес...
Ауыз бекіткен мұсылман сәресін үйінен ішіп шыққанмен, қаланың қарбалас шаруасымен, қаптаған көлік кептелісімен ауызашарда үйіне жете алмауы да мүмкін. Немесе ораза тұтқан жақындарына ауызашар беруге ниеттеніп, бірақ үйінде қонақ күтуге уақыты, мұршасы бола бермейтіндер де бар. Осындай кезде қоғамдық тамақтандыру орындарының қызметіне жүгінуге болады.