Форум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / ҚТЖ пойыздарында жолаушыларға құрма мен су тегін ұ...

ҚТЖ пойыздарында жолаушыларға құрма мен су тегін ұсынылуда

Әлеумет 12.03.2025, 10:28 858
ҚТЖ пойыздарында жолаушыларға құрма мен су тегін ұсынылуда
Сурет: Rail-news.kz

Қасиетті Рамазан айында Ұлттық тасымалдаушының пойыз жолсеріктері жолаушыларға ерекше құрмет көрсетуде.

Барлық бағыттар бойынша жолаушыларға құрма мен су тегін таратылуда, деп хабарлайды aqshamnews.kz.

 Rail-news.kz мәліметіне сай, вагон-мейрамханалардың жұмысы Ораза ұстаушыларға ыңғайлы болу үшін арнайы кестеге көшті. Мейрамханалар күн сайын 08:00-ден 00:00-ге дейін жұмыс істейді, ал сәресі уақытына орай 04:00-ден 05:30-ға дейін ашық болады. Бұл жолаушыларға таңғы асты уақытылы ішуге мүмкіндік береді.

Ораза ұстаған жолаушылар үшін 18:00-ден 20:00-ге дейін вагон-мейрамханалардағы тағамдарға 10% жеңілдік қарастырылған. Сондай-ақ, ауызашар уақытында жолаушыларға су мен құрма тегін ұсынылады.

Ұлттық тасымалдаушы барлық жолаушыларды өзара құрмет пен түсіністік танытуға, пойыз ішіндегі тазалықты сақтауға және денсаулықтарына мұқият қарауға шақырады.

Жолға шықпас бұрын денсаулық жағдайын тексеріп, дәрігерден кеңес алу ұсынылады.

Ұлттық тасымалдаушы барша мұсылман қауымын қасиетті Рамазан айымен шын жүректен құттықтап, рухани кемелдік пен амандық тілейді!

Телеграм арнаға жазылыңыз
#пойыз #ауызашар #Сәресі #тегін су #Құрма
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматылық спортшылар Turkish Open халықаралық турнирінде жүлделі орындарға ие болды

Бүгін 18:07

Алматы мейрамханалары мен аспаздары WHERETOEAT халықаралық гастрономиялық сыйлығының қысқа тізіміне енді

Бүгін 18:02

Қазақстандық гимнастар Мысырдағы Әлем кубогы кезеңінде өнер көрсетеді

Бүгін 17:57

Алматы орталығындағы мейрамхананың террасасы сот шешімімен сүрілді

Бүгін 17:33

Алматы Орталық Азиядағы медициналық туризм орталығы ретіндегі позициясын нығайтып келеді

Бүгін 17:18
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика