AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Өз сөзім өзімдікі / Өтірік жылайтын сияқтымыз

Өтірік жылайтын сияқтымыз

Өз сөзім өзімдікі 29.01.2026, 15:52 353 Ербол Мәндібек
Өтірік жылайтын сияқтымыз
интернет
Жай күндері «анау жетпейді, мынау жетпейді» деп жылап отырамыз. Бірақ қалаға бір әлемдік жұлдыз келе қалса, алпыс мыңдық концерт билеті алты секундта сатылып кетеді.
Сұраныстың көптігі соншалық тіпті арнайы қосымшалар халықтың нөпіріне шыдамай, істен шығып жатады. Осындайдан кейін өзімізді кедейміз деп айта аламыз ба?
Тағы бір мысал. Биылдан бастап көлік нөмірін таңдап сатып алуына мүмкіндік беретін заң күшіне енді. Ең арзан нөмірдің өзі 42 мың теңгеден басталады. Соған қарамастан арнайы халыққа қызмет көрсету орталықтарында адам қарасы қалың, кезек тіпті көшеге дейін шығып кеткен.
Осыдан кейін «елдің ақшасы жоқ» деп айта алмаймыз ау. Бұл аз десеңіз, жақында Вьетнамның Фукуок аралында кәдімгі қазақтың «қызыл өрігі» қойылып, туристер жиналатын алаңқай бір сәтке Шымкенттегі мейрамханаға айналып кеткен. Шаңын шығарып билеп жатқан өзіміздің қаракөздер. Туристердің дені – отандастарымыз.
Ақша жоқ болса, Вьетнам, Дубай, Тайландтың жағажайларын қалай толтырып жүрміз? Әке-шешеміздің ауылына барғандай, шабаданымызды алып, ойланбастан жолға шығамыз. Барған соң сауық құрып, қолымыздағы жап-жаңа айфон 17-мен жарқылдатып суретке түсеміз.
Кез келген автосалон немесе үй сататын компания шағын ғана акция жарияласыншы кезек таңғы бестен басталып кетеді. Егер шынымен ақша жоқ болса, ондай кезекте тұрмас едік қой.
Жақында ораза айы. Ауыз бекітіп, ауызашар жасаймыз. Сол баяғы әдетімізден танбай, дастарханымызды аста-төк жасап, дарақылыққа жол береміз. Муфтияттың қасиетті айда «ысырапшылдыққа жол бермейік» деген қарапайым талаптарына да пысқырмаймыз. Мұның бәрі не үшін? Мақтан үшін бе?
Шын мәнінде мәселе кедейлікте емес. Мәселе өз қалтамызға қарамай өмір сүруімізде. Той үшін, демалыс үшін, жаңа айфон үшін несие алып, тыныш жинап, шамасына қарай өмір сүрудің орнына, көзге түсуге тырысамыз. Сосын барып тағы да «ақша жоқ» деп шағынамыз. Ақша жоқ емес бар. Тек біз өтірік жылайтын сияқтымыз.
Телеграм арнаға жазылыңыз
#ауызашар
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

«Алаяқтардың басты қаруы – адамның сенімі»: интернеттегі қауіптен қалай қорғанамыз?

Кеше 17:19

10 мыңнан астам жұмыс орны және сенімді энергия: атом электр станциясын салудың негізгі артықшылықтары

Кеше 17:10

Алматыда Масанчи көшесінің бір бөлігі уақытша жабылады

Кеше 16:14

Интернеттегі алаяқтық: бір сілтеме бүкіл ақшаңыздан айыруы мүмкін

Кеше 15:18

«Таза Қазақстан» түркі әлемінің жастарын біріктіреді: Алматыда халықаралық кемпингтің екінші күні өтті

Кеше 14:39
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);