AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Зиянды еңбек жағдайында жұмыс істейтін 8,7 мың ада...

Зиянды еңбек жағдайында жұмыс істейтін 8,7 мың адамға әлеуметтік төлем жасалды

Әлеумет 25.11.2024, 18:15 1,032
Зиянды еңбек жағдайында жұмыс істейтін 8,7 мың адамға әлеуметтік төлем жасалды
Сурет: Astanatv.kz

Жыл басынан бері зиянды еңбек жағдайында жұмыс істейтін 8,7 мыңнан астам қызметкерге сақтандыру ұйымдарынан 2 млрд теңгеге жуық арнайы әлеуметтік төлемдер төленді.

Бұл туралы ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі төрағасының орынбасары Мария Хаджиева айтып берді, деп хабарлайды aqshamnews.kz.

Спикердің сөзінше, өмірді сақтандыру саласы азаматтарымыздың ерекше санаттарын сақтандыру арқылы қорғауды қамтамасыз ету жөнінде маңызды әлеуметтік функцияны орындайды.

«Мемлекет басшысының тапсырмасын іске асыру үшін 2023 жылғы желтоқсанда заң қабылданды, онда сақтандыру ұйымдары есебінен зиянды еңбек жағдайларында жұмыс істейтін 55 жасқа толған қызметкерлерге жаңа әлеуметтік төлемдерді жүзеге асыру көзделген. Төлемдер қызметкерді жазатайым оқиғалардан міндетті сақтандыру арқылы жүзеге асырылады», - деді ол Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингіде.

Биылғы жылдың 9 айында 8,7 мыңнан астам қызметкерге сақтандыру ұйымдарынан 2 млрд теңгеге жуық арнайы әлеуметтік төлемдер төленді. Оған қосымша болашақ төлемдер үшін 19,7 млрд теңгеге резервтер қалыптастырылды.

Бұл төлемдерден басқа 2024 жылғы 1 қаңтардан бастап, жазатайым оқиғалардан міндетті сақтандыру шеңберінде алдын алу және оңалту шараларына төлемдер енгізілді.

«Алдын алу шараларына арналған төлемдер жұмыс берушілерге еңбек қауіпсіздігін арттыру үшін жүзеге асырылады, ал оңалту шараларына төлемдер зардап шеккен қызметкердің денсаулығын қалпына келтіруге жұмсалатын шығындарды өтеуге арналған. Аталған шаралар өндірісте зардап шеккен және зиянды еңбек жағдайларында жұмыс істейтін қызметкерлерді әлеуметтік қорғауды күшейтуге бағытталған», - деді М. Хаджиева.

Айта кетейік, төлем зейнеткерлік жасқа толғанша ғана төленеді. Өйткені зейнетақы тағайындалғаннан кейін олар тоқтатылады. 

Телеграм арнаға жазылыңыз
#зиянды еңбек #Әлеуметтік төлемдер
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Көші-қон порталы арқылы қалай өтінім беруге болады?

Бүгін 15:06

3,4 мыңнан астам алматылық жалпықалалық сенбілікке қатысты

Бүгін 14:23

Келесі жылдан бастап қазақстандықтар МӘМС-сіз де медициналық көмек ала алады

Бүгін 14:05

Алматы облысында Президенттің жол-көлік инфрақұрылымының сапасы бойынша берген тапсырмасының орындалуы тексерілді

Бүгін 12:15

Енді жерлеу жәрдемақысын төлеу тәртібі өзгереді

Бүгін 12:07
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);