AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Білім және ғылым / Қасым-Жомарт Тоқаев пен Владимир Путин жасанды инт...

Қасым-Жомарт Тоқаев пен Владимир Путин жасанды интеллектіні меңгерген талантты жастармен кездесті

Білім және ғылым Бүгін 23:45 44
Қасым-Жомарт Тоқаев пен Владимир Путин жасанды интеллектіні меңгерген талантты жастармен кездесті
Сурет: akorda.kz

Ресей, Мәскеу қаласы

 

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев пен Ресей Президенті Владимир Путин Жасанды интеллект тақырыбына арналған AI Journey 2026 конференциясы аясында жастармен диалог жүргізді.

Қазақстан Президенті халықаралық жасанды интеллект олимпиадасында жеңімпаз атанған жасөспірімдерді осынау бірегей форумға қатысу мүмкіндігіне ие болуымен құттықтады. Оның айтуынша, бұл – өз қарым-қабілетіңді әлемге, соның ішінде мемлекеттер басшыларына паш ететін орайлы сәт.

– Аға буынның парызы – талантты жастардың кәсіби тұрғыдан шыңдалуына жағдай жасау. Бұл, шын мәнінде, мемлекеттік маңызы бар міндет. Біз сіздердің ешқандай қиындықсыз лайықты білім алып, осы күрделі әлемде мемлекеттеріміздің өсіп-өркендеуіне және қауіпсіздігіне өз үлестеріңізді қосу үшін қолдан келгеннің бәрін жасаймыз, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Мемлекет басшысы жасанды интеллектінің даму процесі одан әрі үдей түсетінін, сөйтіп әлемнің дамуына айтарлықтай ықпал ететінін атап өтті.

– Қазақстан Республикасының Президенті ретінде мен цифрландыруға және жасанды интеллектіге басым стратегиялық міндет ретінде қараймын. Өздеріңізге мәлім, осы мақсатта биыл елімізде «Цифрландыру және жасанды интеллект жылы» жарияланды. Бұл келесі жылы жұмыс тоқтап қалады дегенді білдірмейді. Оның мәні – биыл біз осы жолда қарқынды қадам жасадық. Тиісті заңдар, нормалар қабылданды, яғни жасанды интеллектіні дамытудың заңнамалық-құқықтық негізі жасалды. Біз әлі діттеген мақсатымызға жеткен жоқпыз. Менің түсінігімде, жасанды интеллектінің серпінді дамуы Үкіметке жаңа міндеттер жүктейді. Әлі жасы жиырмаға да толмаған өскелең ұрпақтың баянды болашағы үшін аянбай еңбек етеміз. Өмірлерің алда, келешектің келбетін айқындау Сіздердің қолдарыңызда. Қазақстаннан келген азаматтарды ресейлік достарымызбен, серіктестерімізбен тығыз жұмыс істеп, өркениет жолына бірге қадам басуға шақырамын, – деді Президент.

Бұдан кейін мемлекеттер басшылары мен жастардың сұхбаты сұрақ-жауап түрінде өрбіді. Оқушылар мен студенттер президенттерге жауап беріп қана қоймай, жасанды интеллект технологияларын ғылым, білім, медицина, экономика салаларында және өнерде қолдануға қатысты өз ой-пікірлерін бөлісуге мүмкіндік алды.

Қазақстан Президенті пікірталасқа қатысушылардың білімге құштарлығы толастамай, жаңа белестерді бағындыра беруіне тілектестік білдірді.

Кездесуге Қазақстан, Ресей және Үндістан елдерінен келген жас таланттар қатысты.

Дереккөз

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Тоқаев #жастар #Жасанды интеллект
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев AI Journey 2026 халықаралық жасанды интеллект конференциясында сөз сөйледі

Бүгін 23:00

Түркістан облысындағы «Жібек жолы» өткізу пунктін жаңғырту бизнес пен туризмді дамытуға жаңа мүмкіндіктер ашады

Бүгін 21:00

Марат Пашимов: «Балалардың денсаулығы – ортақ басымдық»

Бүгін 19:14

Spelling Bee – сөз құдіретін танытқан білім сайысы

Бүгін 19:12

«Қазақтың мақтанышы — Сәкен, Бейімбет, Ілияс!» III қалалық олимпиада

Бүгін 18:33
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);