AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Алматы / Марат Пашимов: «Балалардың денсаулығы – ортақ басы...

Марат Пашимов: «Балалардың денсаулығы – ортақ басымдық»

Алматы Бүгін 19:14 37
Марат Пашимов: «Балалардың денсаулығы – ортақ басымдық»

Алматыда балаларды вакцинациялау, эпидемиологиялық жағдай және мамандандырылған медициналық көмекті дамыту мәселелері талқыланды, – деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі.

Бүгін Алматы қаласы Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Марат Пашимовтың медициналық ұйым басшыларымен өткізген жұмыс кеңесінде балалардың денсаулығын қорғауға қатысты негізгі мәселелер – вакцинация, жұқпалы аурулардың алдын алу және офтальмологиялық көмектің қолжетімділігі қаралды.

Иммундаудың жоспарлы көрсеткіштерін, оның ішінде адам папилломавирусына (АПВ) қарсы вакцинацияны орындауға ерекше назар аударылды. Мониторинг қорытындысы бойынша жекелеген жекеменшік медициналық орталықтарда вакцинациямен қамту деңгейінің төмендігі анықталды. Осыған байланысты ұйым басшыларына нысаналы көрсеткіштердің орындалуын қамтамасыз ету тапсырылды.

1–24 қараша аралығында жұқпалы аурулармен ауырған балалардың 87%-дан астамы емханаларға бармай, тікелей стационарларға жүгінген. Осыған байланысты, әсіресе ЖРВИ және тұмау белгілері бар балаларды қабылдау бойынша сүзгі кабинеттерінің жұмысын күшейту тапсырылды.

Аталған кезеңде Алматы қаласының Балалар қалалық клиникалық инфекциялық ауруханасына 35 081 адам жүгінген. Оның 7 519-ы стационарға жатқызылып, 27 562 пациентке амбулаториялық көмек көрсетілді.

Қызылшаға қатысты эпидемиологиялық жағдай да жеке қаралды. Аурухана мәліметтері бойынша, науқастардың 62%-ын 1 жастан 5 жасқа дейінгі балалар құрайды, олардың шамамен 90%-ы вакцина алмаған.

Сонымен қатар балалар офтальмологиялық қызметін дамыту мәселесі талқыланды. 2026 жылғы ақпанда Алматы қаласының №1 Балалар қалалық клиникалық ауруханасының базасында балалар офтальмологиясы бойынша құзырет орталығы ашылды. 10 ай ішінде орталықта 152 өтініш тіркеліп, 59 операция жасалды. Оның ішінде қылилыққа қатысты 46, катаракта бойынша 7, көздің қосалқы аппараты ауруларына байланысты 5 және глаукома бойынша 1 операция жүргізілді.

Алдағы міндеттер қатарында балалар офтальмологтарын тарту, мектеп оқушылары арасында профилактикалық тексерулерді кеңейту және ата-аналардың балалардың көру қабілетін сақтау жөніндегі хабардарлығын арттыру көзделген.

Кеңесті қорытындылай келе, Марат Пашимов:

«Балалардың денсаулығы – ортақ басымдық. Әрбір баланың қажетті медициналық көмекті уақытылы алуын және жұқпалы аурулардан қорғалуын қамтамасыз ету маңызды», – деп атап өтті.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#эпидемиология
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Spelling Bee – сөз құдіретін танытқан білім сайысы

Бүгін 19:12

«Қазақтың мақтанышы — Сәкен, Бейімбет, Ілияс!» III қалалық олимпиада

Бүгін 18:33

Құрылтайда шекара маңындағы аумақтарды дамыту туралы заң жобасы таныстырылды

Бүгін 17:36

Қазақстанның ескі кен орындарында мұнай өндірудің жаңа технологиялары сынақтан өткізіледі

Бүгін 17:06

ЖАСАНДЫ ИНТЕЛЛЕКТ ҚАЗАҚСТАННЫҢ 700-ДЕН АСТАМ МЕДИЦИНАЛЫҚ ҰЙЫМЫНДА ИНСУЛЬТ ПЕН ОБЫРДЫ ЖЫЛДАМ АНЫҚТАУҒА КӨМЕКТЕСЕДІ

Бүгін 16:47
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);