AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Білім және ғылым / Spelling Bee – сөз құдіретін танытқан білім сайысы

Spelling Bee – сөз құдіретін танытқан білім сайысы

Білім және ғылым Бүгін 19:12 48
Spelling Bee – сөз құдіретін танытқан білім сайысы

Мектеп қабырғасында оқушылардың білімін арттырып қана қоймай, олардың өз қабілеттерін еркін көрсетуіне мүмкіндік беретін тағылымды шаралардың орны ерекше.

Осындай мазмұнды кездесулердің бірі – КММ №98 мектепте 9-сынып оқушылары арасында ұйымдастырылған «Spelling Bee» зияткерлік сайысы өткізілді. Іс-шара КММ №98 мектептің ағылшын тілі пәні мұғалімі, педагогикалық практика жетекшісі Кочербаева Азизаның жетекшілігімен ұйымдастырылды. Ұстаздың бағыт-бағдары мен қолдауының арқасында практиканттар өздерінің теориялық білімдерін тәжірибемен ұштастырып, ұйымдастырушылық және педагогикалық қабілеттерін көрсете білді

Ағылшын тіліндегі сөздерді дұрыс жазу, олардың айтылуы мен мағынасын меңгеру – тіл үйренудің маңызды бөлігі. Осы мақсатта өткізілген сайыс оқушылардың сөздік қорын байқауға, есте сақтау қабілетін дамытуға және ағылшын тілінде сауатты жазу дағдыларын жетілдіруге бағытталды.

Аталған іс-шараны Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің (Abai University) Әлем тілдері факультеті, Шетел тілі кафедрасының «Шет тілі: екі шет тілі» (6В01703) білім беру бағдарламасы бойынша білім алып жүрген педагогикалық практика студенттері Болатбек Жанерке пен Бахыт Жанерке ұйымдастырып, жүргізді.

Сайыс барысында оқушылар өз білімдері мен тілдік дайындықтарын ортаға салып, түрлі кезеңдер бойынша бақ сынады. Оқушылар өзара білім жарыстырып қана қоймай, ағылшын тілін үйренуге деген қызығушылықтарын да көрсете білді.

Іс-шараның ерекше сәттерінің бірі – қатысушылардың еңбегін бағалау және марапаттау рәсімі болды. Сайысқа қатысқан барлық оқушыға сертификаттар табысталды. Ал сөздік қорының молдығымен, тапсырмаларды орындаудағы белсенділігімен және жақсы нәтижесімен ерекшеленген оқушыларға арнайы сыйлықтар берілді. Бұл оқушылар үшін үлкен қуаныш пен алдағы уақытта одан әрі ізденуге деген ынталандыру болды.

«Spelling Bee» сайысы оқушыларға ағылшын тілін меңгерудің тек ережелерді жаттаумен шектелмейтінін, білімді тәжірибе жүзінде қолданудың да маңызды екенін көрсетті. Сонымен қатар мұндай шаралар болашақ ұстаздардың ұйымдастырушылық қабілетін шыңдап, педагогикалық тәжірибесін толықтыруға жол ашады.

Білім мен белсенділік тоғысқан бұл шара қатысушылардың есінде жағымды әсерімен қалды. Себебі әрбір үйренген жаңа сөз – жаңа мүмкіндікке, ал әрбір білім сайысы – биік жетістікке бастар қадам.

Кочербаева Азиза

КММ №98 мектептің ағылшын тілі пәні мұғалімі жәнеАбай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті студенттерінің педагогикалық практика жетекшісі. 

Суреттерге қысқаша жазулар:

1. «Spelling Bee» сайысының қызықты кезеңінен көрініс.

2. Сайыс қатысушылары мен ұйымдастырушылар естелік суретте.

3. Білім додасының жеңімпаздары мен белсенді қатысушыларын марапаттау сәті.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#кездесу
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Марат Пашимов: «Балалардың денсаулығы – ортақ басымдық»

Бүгін 19:14

«Қазақтың мақтанышы — Сәкен, Бейімбет, Ілияс!» III қалалық олимпиада

Бүгін 18:33

Құрылтайда шекара маңындағы аумақтарды дамыту туралы заң жобасы таныстырылды

Бүгін 17:36

Қазақстанның ескі кен орындарында мұнай өндірудің жаңа технологиялары сынақтан өткізіледі

Бүгін 17:06

ЖАСАНДЫ ИНТЕЛЛЕКТ ҚАЗАҚСТАННЫҢ 700-ДЕН АСТАМ МЕДИЦИНАЛЫҚ ҰЙЫМЫНДА ИНСУЛЬТ ПЕН ОБЫРДЫ ЖЫЛДАМ АНЫҚТАУҒА КӨМЕКТЕСЕДІ

Бүгін 16:47
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);