AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Жол саласының құрылыс маусымына дайындығы пысықтал...

Жол саласының құрылыс маусымына дайындығы пысықталды

Әлеумет 18.03.2026, 10:06 210 dulatbekova
Жол саласының құрылыс маусымына дайындығы пысықталды
Сурет: Gov.kz

Қазақстан Республикасы Көлік министрлігінде жол саласының көктемгі құрылыс маусымына дайындығына арналған кеңес өтті.

Жиында жол құрылысы материалдарының қоры, жол бойындағы сервисті дамыту және су тасқыны кезеңіне дайындық мәселелері қаралды, – деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі.

Министрлік басшылығы биыл жол саласында ауқымды жұмыстар жоспарланғанын атап өтіп, дайындық шараларын жеделдетуді тапсырды. Осыған байланысты «осында және қазір» қағидаты бойынша барлық ұйымдастыру жұмыстарын уақытылы аяқтау қажеттігі айтылды.

Кеңес барысында «ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ өңірлік филиалдарының жол құрылысы материалдарын дайындау бойынша атқарған жұмыстары тыңдалды. Бүгінгі күні негізгі материалдардың қоры қалыптастырылған. Атап айтқанда, 3,1 млн м³ қиыршық тас, 78,2 мың тонна битум, 15,3 мың тонна темір-бетон бұйымдары және 529 тонна минералды ұнтақ дайындалды. Дайындық жұмыстары жоспарлы түрде жалғасуда. Қазіргі уақытта конкурстық рәсімдер жүргізіліп жатқан жобалар бойынша жұмыстар мердігерлермен шарт жасалғаннан кейін басталады.

Жалпы, 2026 жылы реконструкция, күрделі және орташа жөндеу жұмыстарымен 4,3 мың шақырым автожол қамтылады.

Кеңесте жол бойындағы сервисті дамыту мәселесіне де ерекше назар аударылды. Әсіресе, азаматтардың қолайлы жағдайын қамтамасыз етуде маңызды рөл атқаратын санитарлық-гигиеналық тораптардың (СГТ) жай-күйі қаралды.

Бұған дейін кейбір нысандардың жабық болуы немесе санитарлық жағдайының талапқа сай келмеуі туралы тұрғындар тарапынан шағымдар түскен. Осыған байланысты Сапа орталығы республикалық маңызы бар автожолдардағы жол бойындағы сервис нысандарына тексеру жүргізді.

Тексеру барысында 684 санитарлық-гигиеналық торап пен суық дәретхана қаралды. Нәтижесінде 13 СГТ-ның жұмыс істемейтіні, ал 69 суық дәретхананың санитарлық жағдайы қанағаттанарлықсыз екені анықталды.

Министрлік басшылығы барлық жол бойындағы сервис нысандарын қысқа мерзімде тәртіпке келтіруді, олардың үздіксіз жұмысын қамтамасыз етуді және инфрақұрылымды күтіп ұстау бойынша жауапкершілікті күшейтуді тапсырды. Сонымен қатар қоғамдық бақылауды күшейту қажеттігі атап өтілді.

Сондай-ақ «ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ мәліметіне сәйкес, жол бойындағы сервис нысандарын тиісті деңгейде қамтамасыз етпегені үшін Ақмола облысындағы «ҚАЖ-Сервис» ЖШС филиалының басшысы қызметінен босатылғаны, сонымен қатар «ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ бірқатар басшылары бақылаудың жеткіліксіздігі және дер кезінде шара қолданбағаны үшін тәртіптік жазаға тартылғаны хабарланды. Санитарлық-гигиеналық тораптардың жағдайына бақылау күшейтіліп, анықталған бұзушылықтарды жедел жою шаралары қабылданады.

Кеңесте қаралған тағы бір маңызды мәселе – су тасқыны кезеңіне дайындық. Қазіргі уақытта республикалық автожолдарда 15 мыңнан астам су өткізгіш құбыр тазартылып, ашылды.

Жол қызметтері жоғары дайындық режиміне көшірілді. Су тасқыны кезеңінде жедел әрекет ету үшін 2,1 мыңнан астам мамандандырылған техника әзірленді. Сонымен қатар ықтимал тәуекелдерге жедел әрекет ету шаралары пысықталып, төтенше жағдайлар кезінде пайдаланылатын баламалы маршруттар айқындалды.

Министрлік басшылығы тасқын кезеңінде автомобиль жолдарының жағдайын тәулік бойы бақылауды, су деңгейін және қауіпті учаскелерді тұрақты қадағалауды қамтамасыз етуді тапсырды.

Заманауи әрі қауіпсіз жол инфрақұрылымын дамыту бағытындағы жұмыстар жүйелі түрде жалғасатын болады.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#жол #құрылыс маусымы #дайындық
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыда «Таза Қазақстан» акциясы аясында жергілікті сенбілік өткізілді

Бүгін 15:57

Алматы қаласының әкімі  кітап оқу эстафетасын жалғастырды

Бүгін 14:36

Алматыда жөндеу жұмыстарына байланысты Шемякин көшесінің бір бөлігі уақытша жабылады

Бүгін 12:09

«Алматы» ӘКК мен «Қазақмыс корпорациясы» ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды

Бүгін 11:24

Жаңбыр жауып, дауыл соғады: бүгін ауа райы қандай болады?

Бүгін 10:20
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика