AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Мәдениет / Ұлы Жібек жолының ізімен: тоғыз айда Сарайшыққа 16...

Ұлы Жібек жолының ізімен: тоғыз айда Сарайшыққа 16 мыңнан астам турист келді

Мәдениет Бүгін 13:06 25
Ұлы Жібек жолының ізімен: тоғыз айда Сарайшыққа 16 мыңнан астам турист келді
ҚР Туризм және спорт министрлігі

Бүгінде Сарайшық республикалық маңызы бар тарихи-мәдени ескерткіштер тізіміне енген, деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі.

Атырау облысында тарихи-мәдени туризм дамып келеді. Өңірдің басты туристік нысандарының бірі – ортағасырлық Сарайшық қаласына 2026 жылдың тоғыз айында 16 252 турист келген.

Жалпы, биылғы алғашқы жартыжылдықта Атырау облысына 83 мыңнан астам турист келген. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 19%-ға көп. Ал қаңтар-тамыз айларында туризм саласына тартылған инвестиция көлемі 37,9 млрд теңгені құрады.

Атырау қаласынан 50 шақырым жерде, Жайық өзенінің жағасында орналасқан Сарайшық XIII–XVI ғасырларда Ұлы Жібек жолының бойындағы ірі сауда, ғылым және қолөнер орталықтарының бірі болған. Алтын Орда дәуірінде саяси және рухани маңызға ие болып, кейін Ноғай Ордасының астанасына айналған. Қала тарихы Қазақ хандығының билеушісі Қасым ханның есімімен де тығыз байланысты.

Бүгінде Сарайшық республикалық маңызы бар тарихи-мәдени ескерткіштер тізіміне енген. Музей-қорық құрамында 2023 жылы ашылған сапар орталығы, этнографиялық музей, «Хандар» кесенесі және ортағасырлық қалашық орны бар.

Келушілер археологиялық қазба жұмыстары кезінде табылған керамикалық ыдыстарды, тұрмыстық бұйымдарды, көне тиындарды және басқа да тарихи жәдігерлерді тамашалай алады.

Атырау облысында Сарайшықтан бөлек, Қиғаш өзеніндегі Лотос алқабы, Индер тұзды көлі, Нарын құмы, Ақкерегешың борлы қыраты және «Ақжайық» мемлекеттік табиғи резерваты туристердің қызығушылығын тудырады.

Қазіргі уақытта Сарайшықты тарихи-туристік орталық ретінде дамытуға арналған бес жылдық жоспар бекітілген. Оның аясында тарихи мұраны сақтау және туристік инфрақұрылымды дамыту көзделген.

Телеграм арнаға жазылыңыз
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Астанада «Самұрық-Қазына» мен «ҚТЖ» басшылары ұсталды

Бүгін 12:32

«Әділет» партиясы алаңында «Төрелік туралы» заңға өзгерістер енгізу мәселесі талқыланды

Бүгін 12:18

Жезқазғанда ауызсуды тазарту нысандары жаңғыртылып жатыр

Бүгін 12:04

City Run: 15 қарашада Алматының бірқатар көшесінде көлік қозғалысы шектеледі

Бүгін 11:59

«Құрылыс және тағы да құрылыс»: Президент тапсырмасына сәйкес Петропавлда жаңа медициналық жедел жәрдем стансасын салуға 5,9 млрд теңге бөлінді

Бүгін 11:30
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);