AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Саясат / «Әділет» партиясы алаңында «Төрелік туралы» заңға...

«Әділет» партиясы алаңында «Төрелік туралы» заңға өзгерістер енгізу мәселесі талқыланды

Саясат Бүгін 12:18 32
«Әділет» партиясы алаңында «Төрелік туралы» заңға өзгерістер енгізу мәселесі талқыланды
Фото: adilet-partiyasy.kz

Жиында Қазақстанның Төрелік палатасының өкілеттіктерін кеңейту, төрешілерді даярлау және сертификаттау, олардың кәсіби жауапкершілігін сақтандыру мәселелері де көтерілді, деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі.

Қазақстанда төрелік ұйымдардың қызметін реттеуді жетілдіру, олардың ашықтығын арттыру және азаматтар мен кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау тетіктерін күшейту ұсынылды. Бұл мәселелер «Әділет» партиясы мен Құрылтайдың Конституциялық заңнама, сот жүйесі және құқық қорғау органдары комитеті бірлесіп өткізген дөңгелек үстелде талқыланды. Жиында «Төрелік туралы» заңға енгізілетін өзгерістер қаралды.

Дөңгелек үстелге «Әділет» партиясының өкілдері, Құрылтай депутаттары, мемлекеттік органдардың, Қазақстанның Төрелік палатасы мен төрелік орталықтарының өкілдері, заңгер ғалымдар және сарапшылар қатысты.

«Әділет» партиясы төрағасының орынбасары Нұрсұлтан Байтілесов өзгерістер енгізу қажеттігін сот тәжірибесі де көрсетіп отырғанын атап өтті. «Төрелік» ақпараттық жүйесінің деректеріне сәйкес, 2023–2025 жылдары соттарға төрелік шешімдердің күшін жою туралы 2 844 арыз түскен.

«Ұсынылып отырған заң жобасы үш негізгі бағытты қамтиды. Біріншісі – төрелік ұйымдардың ашықтығын арттыру, бірыңғай тізілімдер құру және олардың қызметін жүйелеу. Екіншісі – төрешілердің кәсіби біліктілігі мен жауапкершілігіне қойылатын талаптарды күшейту. Үшіншісі – азаматтардың құқықтарын қорғау, оның ішінде төрелік келісімдердің ерікті түрде жасалуын қамтамасыз ету. Бұл ретте жаңа талаптар төрелік ұйымдардың тәуелсіздігін шектемей, олардың қызметіне артық әкімшілік және қаржылық кедергілер туғызбауға тиіс», – деді Нұрсұлтан Байтілесов.

Ал, Құрылтай депутаты, «Әділет» партиясы фракциясының мүшесі Евгений Больгерт заң жобасын әзірлеу ісіне азаматтар мен кәсіпкерлер тарапынан көтерілген мәселелер негіз болғанын атап өтті.

«Біздің мақсатымыз – төрелік қызметке араласу немесе оның дербестігін шектеу емес. Алайда азаматтар мен кәсіпкерлердің өтініштерін назардан тыс қалдыруға болмайды. Сондықтан сарапшылар мен кәсіби қауымдастық өкілдерінің ұсыныстарын ескере отырып, заң жобасын жетілдіру жұмысын жалғастырамыз», – деді Евгений Больгерт.

Жиында Қазақстанның Төрелік палатасының өкілеттіктерін кеңейту, төрешілерді даярлау және сертификаттау, олардың кәсіби жауапкершілігін сақтандыру мәселелері де көтерілді. Қатысушылар жаңа талаптар тараптардың төрешілерді еркін таңдау құқығын шектемеуі және төрелік ұйымдардың дербестігіне нұқсан келтірмеуі керектігін атап өтті.

Дөңгелек үстел қорытындысында айтылған ұсыныстарды жүйелеп, заң жобасын одан әрі пысықтау барысында ескеру жоспарланды.

Телеграм арнаға жазылыңыз
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Астанада «Самұрық-Қазына» мен «ҚТЖ» басшылары ұсталды

Бүгін 12:32

Жезқазғанда ауызсуды тазарту нысандары жаңғыртылып жатыр

Бүгін 12:04

City Run: 15 қарашада Алматының бірқатар көшесінде көлік қозғалысы шектеледі

Бүгін 11:59

«Құрылыс және тағы да құрылыс»: Президент тапсырмасына сәйкес Петропавлда жаңа медициналық жедел жәрдем стансасын салуға 5,9 млрд теңге бөлінді

Бүгін 11:30

Алматыда кіндігі мойнына алты рет оралған сәби дүниеге келді

Бүгін 11:07
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);