AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / «Жасыл ел» жобасының аясында жастар жұмыспен қамты...

«Жасыл ел» жобасының аясында жастар жұмыспен қамтылмақ

Әлеумет Бүгін 12:09 71 yakiya
«Жасыл ел» жобасының аясында жастар жұмыспен қамтылмақ
Өңірлік коммуникациялар қызметі

«Жасыл ел» жобасының аясында жастар жұмыспен қамтылмақ, – деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі.

Алматыда «Жасыл ел» жастардың еңбек жасағының жаңа маусымы басталды. Биыл осы жобаның аясында 2100 жас пен жасөспірім жұмыспен қамтылады. Өңірлік коммуникациялар қызметінің алаңында Алматы қаласы Жастар саясаты басқармасының басшысы Азиз Кажденбек осылай деді.

Спикердің айтуынша, Алматы қазір жастары ең көп қаланың бірі болып отыр. Қаладағы жастар саны 769 мыңнан асады. Оның ішінде 472,8 мыңы – жұмыс істейтіндері, 307,8 мыңнан астамы жоғары оқу орны мен колледждің студенттері, шамамен 80 мыңы – жоғары сынып оқушысы екен.

2005 жылдан бері жүзеге асып келе жатқан «Жасыл ел» жобасы экологиялық мәдениетті қалыптастырып, еңбек дағдысын дамытып, жастарды қоғамдық пайдалы жұмысқа тартуға бағытталған.

«Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев жастарды қолдап, экологиялық жауапкершілікті қалыптастыруға көп көңіл бөліп отыр. «Жасыл ел» жобасы «Таза Қазақстан» жалпыұлттық бастамасының міндетімен үндесіп, жастарды қаланы дамытуға тартуға мүмкіндік береді», – дейді Азиз Кажденбек.

Спикердің айтуынша, былтыр Алматы «Жасыл ел» жобасын жүзеге асырудан еліміздегі үздік өңір деп танылыпты. Өткен жолы маусымдық жұмыспен қамту бағдарламасы аясында 2,1 мың жас жұмыспен қамтылған. Алғаш рет жобаға жоғары оқу орындарының студенттерімен қатар колледж студенттері мен NEET санатындағы жастар да қатысты.

Алматы қаласы бойынша «Жасыл ел» жобасының жетекшісі Ердәулет Жүнісбек жастардың еңбек жасақтары жыл сайын қаланы көгалдандыру, аумақтарды санитарлық тазарту, қоғамдық кеңістіктерді абаттандыру мен экологиялық акцияларға белсене қатысатынын атап өтті.

«Бұл жоба алғашқы еңбек тәжірибесін алып, қоғамдық қызметте өздерін көрсетіп, Алматының дамуына үлес қосуға мүмкіндік береді», – деді Ердәулет Жүнісбек.

Жобаға 14 пен 35 жас аралығындағы мектеп оқушылары, студенттер мен жұмыссыз жастар қатыса алады. Барлығына «Жасыл ел» формасы беріледі.

«Біздің міндетіміз жастарды уақытша жұмыспен қамтып қана қоймай, олардың белсенді азаматтық ұстанымын, экологиялық мәдениеті мен қалалық ортаға деген жауапкершілігін қалыптастыру», – дейді спикер.

Ердәулет Жүнісбектің айтуынша, еңбек маусымы 30 қыркүйекке дейін жалғасады, «Жасыл ел» жаңа маусымының өзі 2 маусым күні салтанатты түрде ашылмақшы.

Жобаға қатысу үшін офлайн форматта Серіков көшесі, 6а/1 мекенжайы бойынша өтініш беруге болады. Мектеп оқушылары жобаға қатысу үшін өз оқу орнындағы әлеуметтік педагогқа жүгінуі қажет.

Жастар саясаты басқармасының мәліметінше, биыл жоба аясында жастарды қамту ауқымын кеңейтіп, «Жасыл ел» жасақтары қатысатын экологиялық және қоғамдық бастамалардың санын арттыру жоспарланып отыр.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#«Жасыл ел»
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Тоқаев Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің кеңейтілген құрамдағы отырысында сөйледі

Бүгін 18:18

Алматыда «Қазақстанның қолжазба мұрасы: сақтау, зерттеу және цифрлық гуманитаристика» атты халықаралық конференция өтеді

Бүгін 18:02

Алматыда құлпынай маусымы басталды: балғын әрі сапасы тексерілген өнімді демалыс күнгі өтетін жәрмеңкеден сатып алуға болады

Бүгін 17:59

Алматыда қоқыс өңдейтін зауыт құрылысының капсуласы салынды

Бүгін 17:14

Мүмкіндік алаңы: Алматыда бос жұмыс орындары жәрмеңкесі өтті

Бүгін 16:41
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);