AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Жастар практикасы арқылы 21 981 жас маман жұмысқа...

Жастар практикасы арқылы 21 981 жас маман жұмысқа орналасты

Әлеумет Бүгін 09:45 51
Жастар практикасы арқылы 21 981 жас маман жұмысқа орналасты
Аlmaty.tv

Қазақстанда жастарды жұмыспен қамтуға бағытталған жастар практикасы бағдарламасы жүзеге асырылуда. 2026 жылғы 28 қазандағы жағдай бойынша бағдарлама аясында 21 981 жас маман жұмысқа орналастырылды. Жыл соңына дейін қатысушылар санын 25 мың адамға жеткізу жоспарланған, – деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі.

Жастар практикасының артықшылықтары

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінен хабарлағандай, жастар практикасы түлектерге алған мамандығы бойынша алғашқы еңбек тәжірибесін жинауға, теориялық білімін іс жүзінде шыңдап, кәсіби дағдыларын дамытуға мүмкіндік береді. Сонымен қатар бағдарлама жас мамандардың жұмыс берушілер талаптарына бейімделуіне көмектесіп, болашақта тұрақты жұмысқа орналасу мүмкіндігін арттырады.

Статистикалық мәліметтер

Бағдарламаға қатысушылардың 50,6%-ы жоғары оқу орындарының, 45%-ы техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының түлектері. Ал 67,6%-ын әйелдер құрайды.

Жас мамандардың басым бөлігі білім беру саласына – 48%, денсаулық сақтау саласына – 35% жұмысқа орналастырылды.

Мамандықтар бойынша жұмысқа орналасу

Жастар практикасы түрлі мамандықтарды қамтиды. Атап айтқанда, мейіргер мамандығы бойынша 2 013 адам, техник-бағдарламашы мамандығы бойынша 853 адам, дене шынықтыру және спорт мұғалімі ретінде 776 адам, заңгер – 742 адам, шет тілі мұғалімі мамандығына 731 адам, фельдшер ретінде 675 адам, тәрбиеші ретінде 607 адам және аспаз мамандығына 601 адам жұмысқа орналасты.

Бағдарламаға қатысу шарттары

Бағдарламаға техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының 35 жастан аспаған, жұмыссыз ретінде тіркелген түлектері қатыса алады.

Қатысудың негізгі шарттары бойынша түлектің оқу орнын бітіргеніне бес жылдан аспауы және алған кәсібі немесе мамандығы бойынша жұмыс тәжірибесі болмауы қажет.

Жұмыс орындарын ұйымдастыру

Жастар практикасы меншік нысанына қарамастан жұмыс берушілер құратын уақытша жұмыс орындарында ұйымдастырылады. Бұл ретте тұрақты жұмысқа орналастыруға арналған жұмыс орындарын жастар практикасын ұйымдастыру үшін пайдалануға рұқсат етілмейді.

Қатысу мерзімі мен субсидиялар

Бағдарламаға қатысу мерзімі 12 айдан аспайды. Осы кезеңде қатысушылардың еңбекақысы мемлекет тарапынан субсидияланады.

Ай сайынғы субсидия мөлшері 30 айлық есептік көрсеткішті (АЕК) құрайды. Бұл сомаға салықтар, міндетті әлеуметтік аударымдар, пайдаланылмаған еңбек демалысы үшін өтемақы және банктік қызметтерге арналған шығыстар кіреді. Экологиялық үстемеақылар бұл сомаға қосылмайды.

Қатысу тәртібі

Бағдарламаға қатысу үшін түлек тұрғылықты жері бойынша мансап орталығына жүгініп, тиісті өтініш беруі қажет. Орталық мамандары жастар практикасына қатысу шарттары туралы толық ақпарат беріп, бағдарламаға қатысу тәртібін түсіндіреді және лайықты жұмыс орнына жолдама алуға жәрдемдеседі.

Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі жастардың жұмыспен қамтылу мүмкіндіктерін кеңейту, алғашқы кәсіби тәжірибе жинауына жәрдемдесу және жас мамандардың еңбек нарығындағы бәсекеге қабілеттілігін арттыру бағытындағы жұмысты жалғастыруда.

Дереккөз

Телеграм арнаға жазылыңыз
#жастар #жұмыс #Қазақстан
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматылық дәрігер ChatGPT-мен «емделудің» қауіпті екенін айтты

Бүгін 11:05

Алматыда ғалымдар мен жоғары оқу орындарының өкілдері Президент Жолдауын талқылады

Бүгін 10:57

Алматыда 200 гид пен экскурсия жүргізушісі оқудан өтті

Бүгін 10:38

Қазақстанда энергокәсіпорындар қызметкерлерінің штаттық саны нормативтері жаңартылады

Бүгін 10:11

Алматыда LEZ пилоттық жобасының аралық қорытындысы шығарылды

Бүгін 09:46
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);