AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Медицина / Алматылық дәрігер ChatGPT-мен «емделудің» қауіпті...

Алматылық дәрігер ChatGPT-мен «емделудің» қауіпті екенін айтты

Медицина Бүгін 11:05 69
Алматылық дәрігер ChatGPT-мен «емделудің» қауіпті екенін айтты

Қазір ЖИ күнделікті өміріміздің айнымас бір бөлігіне айналып кетті. Адамдар одан тек ақпарат іздеп қана қоймай, денсаулығына қатысты сұрақтарға да жауап алуға тырысатын болған. Яғни бір жері ауырса, түшкіріп-пысқырып қалса да, дереу ChatGPT-ді ашып жіберіп, одан бұл қандай ауру болуы мүмкін екенін және қандай дәрі қабылдауға болатынын сұрайтындар көбейді.

Осы тақырып төңірегінде Алматы қалалық №4 клиникалық аурухананың терапевт-дәрігері Диана СҮНДЕТҚЫЗЫМЕН сұхбаттастық.

– Көпшіліктің «ЖИ-ге» жиі сүйенетіні жасырын емес. Дәрігер ретінде мұндай үрдіске қалай қарайсыз? Бұл қаншалықты дұрыс?

– Ол рас, қазір адамдардың көбі өзін мазалап жүрген сауалдың жауабын жасанды интеллекттен, соның ішінде кең таралған ChatGPT-ден, чат-боттардан іздейді. Мен бірақ медицина мәселесінде бұл үдерісті қолдамаймын. Иә, ЖИ жауап бере алады, бірақ нақты диагноз қоя алмайды. Себебі, ол адамның денсаулық жағдайын толық бағалауға қауқарсыз.

– ЖИ ұсынған дәріні қабылдау қаншалықты қауіпті?

– ЖИ интернет желісінен кез-келген дәріні белгілі бір симптомдар үшін ұсынуы ғажап емес. Алайда, бұл чат-бот айтты екен деп іше беруге болады деген сөз емес, керісінше ауруыңыз асқынып кетуі немесе басқа ауруларға жол ашып беруі мүмкін. Себебі, ЖИ науқастың жеке ерекшеліктерін, мысалы, жасын, салмағын, қосымша ауруларын, аллергиясы бар-жоғын және тағы да басқа жағдайын ескермейді. Бұл оның медицинадағы басты кемшіліктерінің бірі. Сондықтан жаңсақ диагноз бен белгісіз дәрінің соңы адам өлімімен аяқталуы әбден мүмкін. Көп жағдайда жасанды интеллекттің өзі нақты жауап үшін дәрігерден кеңес алуыңызды ескертеді.

– Неліктен адамдар дәрігерден гөрі ChatGPT-ге жүгінуді таңдайды?

– Себебі, адамдар тез шешіле қалатын, әрі жеңілірек көмек жолын іздейді. Оның үстіне дәрігерге бару үшін алдымен уақыт пен мүмкіндік керек болады. Кейбіріміз жұмысбастылғымызды немесе сабақтан босай алмайтынымызды сылтауратып жатамыз. Тіпті қаражат жетіспеушілігі де кедергі тудыруы мүмкін. Сондықтан дәрігер алдына барып кезекке тұру немесе жазылуды емес, әрқашан қолжетімді, әрі кез келген жерде тез жауап беретін ЖИ көмегін оңтайлы көреді.

– Адам жасанды интеллекттің жауабына сеніп, ауруын жеңіл деп ойлап, медициналық көмекке кеш жүгінуі мүмкін бе?

– Иә, ЖИ-дің клиникалық тәжірибесі жоқ. Науқасты көрмей тек оның қойған сұрақтарына тікелей жауап береді, ал адам сол арқылы дәрі ішіп емделуге көшеді. Соның салдарынан науқас өзінің денсаулығына немқұрайлы қарап, ауру асқынған кезде медициналық көмекке жүгінуі мүмкін.

– Сіздің тәжірибеңізде ChatGPT-дің «айтқанымен» емделіп, салдарынан денсаулығына зиян келіп, амалсыз сіздерге жүгінген оқиғалар болды ма?

– Иә, алғашқыда науқаста дене қызуы жоғарылаған. Мұны суықтап қалдым, тұмау тиді деп ойлаған. Дәрігерге барудың орнына жасанды интеллекттен көмек сұрап, өз бетінше дәрі қабылдап, нәтижесінде жағдайы күрт нашарлаған. Сонда ғана дәрігердің алдынан табылған. Медициналық тексеруден өткен науқасқа асқынған өкпе қабынуы диагнозы қойылды. Мұндай жағдайлар әлі де қайталанып келеді. Алғашында өте жеңіл көрінетін симптомдардың артында өмірге қауіпті дерт жатуы мүмкін. Осыны ескеріп жүрсек екен деймін.

– Жалпы, ChatGPT-ді денсаулыққа қатысты қандай мақсатта пайдалануға болады? Оны негізінде көмекші құрал ретінде серік етуге бола ма?

– ChatGPT-ді жалпы ақпараттық, білім беру мақсатында қолдануға болады. Бірақ ескеретін жайт, ЖИ сіздің медициналық көмекшіңіз емес, ол тек ақпараттық бағыт-бағдар беретін құрал екенін есте сақтаған жөн. ChatGPT-ді салауатты өмір салты, физикалық белсенділік, ұйқы сапасын реттеу және күрделі медициналық терминдерді түсіну үшін пайдалануға болады. Ал емдеу жоспарын жасау, диагноз қою үшін дәрігердің көмегіне жүгінген абзал. Денсаулықпен «ойнауға» болмайды.

– Келешекте ЖИ медициналық көмектің сапасын арттыра ма, әлде адамдардың өзін-өзі емдеу үрдісін күшейте ме?

– Болашақта жасанды интеллект ең алдымен медициналық көмектің сапасын арттыруға, дәрігерлердің жұмысын жеңілдетуге бағытталады. Қанша жерден ЖИ ақпараттық құрал болғанымен, тәжірибелі, білікті дәрігердің орнын баса алмайды. Технология тек науқастың қазіргі жағдайын бақылай отыра, аурудың өршуін алдын ала болжауына немесе денсаулықты бақылауға көмектесе алады.

Сұхбаттасқан Нұржамал ӘЛІШ

Телеграм арнаға жазылыңыз
#ChatGPT
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Қазақстан өңірлерінен келген фермерлер Алматыға арзандатылған бағамен 400 тоннадан астам азық-түлік әкеледі

Бүгін 11:35

Алматы қаласы мәслихаты депутаттарын сайлауға қатысты № 2, 5, 10, 20 бірмандаттық аумақтық сайлау округтері бойынша округтік сайлау комиссияларының хабарламасы

Бүгін 11:23

ЖОЛДАУ: білім, ғылым және инновация – денсаулық саласын дамытудың негізі

Бүгін 11:15

Алматыда ғалымдар мен жоғары оқу орындарының өкілдері Президент Жолдауын талқылады

Бүгін 10:57

Алматыда 200 гид пен экскурсия жүргізушісі оқудан өтті

Бүгін 10:38
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);