AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Алматыда ғалымдар мен жоғары оқу орындарының өкілд...

Алматыда ғалымдар мен жоғары оқу орындарының өкілдері Президент Жолдауын талқылады

Әлеумет Бүгін 10:57 52
Алматыда ғалымдар мен жоғары оқу орындарының өкілдері Президент Жолдауын талқылады

Алматы қаласы Жастар саясаты басқармасының басшысы Азиз Кажденбек жоғары оқу орындарының проректорлары және өкілдерімен кездесіп, Президент Жолдауындағы басымдықтарды білім беру жүйесінде іске асыру мәселелерін талқылады, – деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі.

Алматыда жоғары оқу орындарының проректорлары мен Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясының өкілдері Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың 28 қазанда жарияланған «Қазақстанның жаңа тарихи кезеңдегі өзекті міндеттері» атты Жолдауының негізгі бағыттарын талқылады. Жиында жаңа экономикаға қажетті маман даярлау, ғылымды дамыту, жасанды интеллектіні енгізу және университеттердің қаладағы өзекті мәселелерді шешуге атсалысуы жайына баса назар аударылды.

Сондай-ақ еңбек нарығына қажетті мамандар даярлау үшін жоғары білім беру саласында қандай өзгерістер керектігі қарастырылды.

Президент Жолдауында инфрақұрылым, энергетика, цифрлық экономика және жоғары технологиялық салаларды дамытуға ерекше мән берілді. Бұл бағыттарды дамыту үшін инвестиция мен жаңа өндірістік қуаттар ғана емес, заманауи технологиямен жұмыс істей алатын, инновация енгізіп, нақты шешімдер ұсына білетін білікті мамандар қажет.

Алматы қаласы Жастар саясаты басқармасының басшысы Азиз Кажденбек атап өткендей, университеттер Президент белгілеген өзгерістердің белсенді қатысушысына айналуға тиіс.

«Бүгінде жоғары оқу орындарының алдында дәстүрлі білім беру үдерісінен әлдеқайда ауқымды міндеттер тұр. Мемлекет басшысы инфрақұрылымды жаңғырту, энергетиканы дамыту, экономиканы цифрландыру және жасанды интеллектіні енгізу сияқты нақты басымдықтарды айқындады. Бұл міндеттерді орындау үшін елімізге білікті инженерлер, IT-мамандар, зерттеушілер мен басқарушылар қажет. Сондықтан университеттер түлектер даярлаумен ғана шектелмей, білім беру бағдарламаларын экономиканың нақты сұранысына сай құрып, қолданбалы ғылымды дамытып, жұмыс берушілермен ынтымақтастықты нығайтуы маңызды», – деді Азиз Кажденбек.

Кездесуде ғылым мен өндірісті ұштастыру мәселесіне де ерекше назар аударылды. Білім беру саласы өкілдерінің пікірінше, университеттердегі ғылыми зерттеулер іс жүзінде қолданылуға тиіс. Ал студенттер оқу барысында нақты жобаларға қатысу мүмкіндігіне ие болуы қажет.

Талқылауға қаланың жетекші жоғары оқу орындарының, соның ішінде әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің, Қ. И. Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық зерттеу университетінің, Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің, Халықаралық ақпараттық технологиялар университетінің және басқа да жоғары оқу орындарының өкілдері қатысты.

Президент айқындаған міндеттер инженерлік маман даярлайтын техникалық университеттер үшін өте өзекті.

«Инфрақұрылымды ауқымды жаңғырту және энергетиканы дамыту заманауи инженерлік құзыреттерге ие мамандарды қажет етеді. Студенттер теориялық біліммен ғана шектелмей, қолданбалы зерттеулерге қатысып, жаңа технологиямен жұмыс істеп, өндірістегі нақты міндеттерді түсінуі керек. Осындай даярлық қана жас мамандардың ел дамуына нақты үлес қосуына мүмкіндік береді», – деді Қ. И. Сәтбаев атындағы ҚазҰТЗУ проректоры Сапар Шалабаев.

Талқыланған тағы бір маңызды тақырып – цифрлық трансформация. Президент Жолдауында цифрлық шешімдерді формалды түрде енгізуден нақты экономикалық және қоғамдық нәтиже беретін технологияға көшу қажеттігі айтылды. Бұл университеттер үшін болашақ бағдарламашылардың ғана емес, барлық мамандық студенттерінің цифрлық құзыретін дамыту міндетін жүктейді.

«Жасанды интеллект қазірдің өзінде барлық дерлік саладағы мамандарға қойылатын талаптарды өзгертіп жатыр. Сондықтан университеттердің міндеті – студенттерді цифрлық құралдарды пайдалануды ғана емес, технологиялық шешімдерді әзірлеуге, ақпаратты сыни тұрғыдан талдауға және алған білімін тәжірибеде қолдануға үйрету. Бұл ретте білім, ғылым және бизнес арасындағы өзара байланыстың маңызы зор», – деді Халықаралық ақпараттық технологиялар университетінің проректоры Нұржан Дүзбаев.

Азиз Кажденбек Алматы үшін университеттер мен қалалық құрылымдар арасындағы байланыстың маңызы зор екеніне тоқталды. Бүгінде шаһарда 36 жоғары оқу орны жұмыс істейді. Онда 238 225 студент білім алады. Олардың шамамен 158 мыңы Қазақстанның өзге өңірлерінен келген.

«Алматының білім беру және зияткерлік әлеуеті зор. Қала әкімі Дархан Сатыбалды мегаполисті дамыту барысында жастарға арналған мүмкіндіктерді кеңейтуге ерекше көңіл бөліп келеді. Осыған байланысты біздің ортақ міндетіміз – жастардың білімі, бастамалары мен ғылыми әзірлемелері қаланың дамуына үлес қосатындай жағдай жасау. Ол үшін жоғары оқу орындарының жұмыс берушілермен байланысын нығайтып, өндірістік тәжірибеден өту мүмкіндіктерін кеңейту, қолданбалы зерттеулерді қолдау және түлектерді жұмыспен қамтуға баса назар аудару қажет», – деді басқарма басшысы.

Президент Жолдауын талқылаумен қатар, жиында студент жастармен жұмыс жүргізу, басқа өңірлерден келіп, жатақханада тұратын студенттерді тіркеу, алдағы мерекелер мен қысқы демалыс кезеңінде қауіпсіздікті қамтамасыз ету мәселелері де қаралды.

Кездесу соңында университеттер, жұмыс берушілер және қалалық құрылымдар арасында жүйелі ынтымақтастық орнату қажеттігіне ерекше назар аударылды. Негізгі мақсат – Президент айқындаған басымдықтарды іс жүзінде жүзеге асыру, мамандар даярлау сапасын арттыру және жастардың Алматының әлеуметтік-экономикалық дамуына қатысу мүмкіндіктерін кеңейту.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#жолдау
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Қазақстан өңірлерінен келген фермерлер Алматыға арзандатылған бағамен 400 тоннадан астам азық-түлік әкеледі

Бүгін 11:35

Алматы қаласы мәслихаты депутаттарын сайлауға қатысты № 2, 5, 10, 20 бірмандаттық аумақтық сайлау округтері бойынша округтік сайлау комиссияларының хабарламасы

Бүгін 11:23

ЖОЛДАУ: білім, ғылым және инновация – денсаулық саласын дамытудың негізі

Бүгін 11:15

Алматылық дәрігер ChatGPT-мен «емделудің» қауіпті екенін айтты

Бүгін 11:05

Алматыда 200 гид пен экскурсия жүргізушісі оқудан өтті

Бүгін 10:38
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);