AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Саясат / Жаңа Азаматтық кодекс қазіргі қоғамның қажеттілікт...

Жаңа Азаматтық кодекс қазіргі қоғамның қажеттіліктеріне сай болуы тиіс – Ержан Егембердиев

Саясат Бүгін 15:55 35
Жаңа Азаматтық кодекс қазіргі қоғамның қажеттіліктеріне сай болуы тиіс – Ержан Егембердиев

Азаматтық заңнама қалыптасқан қатынастарды реттеп қана қоймай, қоғамдық және экономикалық өмірдегі өзгерістерді де ескеруі тиіс, деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі.

Қазақстан Республикасы Жоғары Сот Кеңесі жанындағы Сот төрелігі академиясының заң ғылымдарының кандидаты, профессоры Ержан Егембердиев жаңа Азаматтық кодекс туралы өз пікірін білдірді.

"Мемлекет басшысы Қазақстан халқына Жолдауында жариялаған жаңа Азаматтық кодексті әзірлеу жөніндегі бастаманың құқықтық мемлекеттің одан әрі дамуы үшін маңызы зор. Бұл бастаманы қолдаймын, өйткені азаматтық заңнама қалыптасқан қатынастарды реттеп қана қоймай, қоғамдық және экономикалық өмірдегі өзгерістерді де ескеруі тиіс.
Соңғы онжылдықтарда адамдар арасындағы өзара іс-қимыл нысандары, мүлікке билік ету, шаруашылық қызметті жүргізу және мәмілелер жасау тәсілдері айтарлықтай өзгерді. Бұл ретте азаматтардың әр жолы күрделі заңгерлік түсіндірме сұрап жүгінбей-ақ, өз құқықтары мен міндеттерін бағдарлай алу мүмкіндігі болуы тиіс. Мысалы, мұраны ресімдеу, жалдау шартын жасасу немесе мүлікті пайдалануға беру кезінде адам өзі қабылдаған шешімнің қандай құқықтық салдарға әкеп соғатынын және заңда қандай кепілдіктер көзделгенін түсінуі маңызды", – деді Ержан Егембердиев.

Профессордың пайымдауынша, жаңа Азаматтық кодекс жай ғана жаңартылған құқықтық нормалар жиынтығы емес, күнделікті қатынастарды реттеудің түсінікті әрі жүйелі негізіне айналуы тиіс.

Заңнаманың қолжетімділігіне, құқықтық нормалардың өзара үйлесімділігіне және олардың іс жүзінде қолданылуына ерекше назар аудару қажет. Бұл азаматтардың құқықтық сауаттылығын арттыруға және көптеген дауларды туындамай тұрып-ақ болдырмауға мүмкіндік береді.

Жаңа Азаматтық кодексті сапалы әзірлеу қоғамның құқықтық мәдениетін нығайтуға және мемлекет пен азаматтардың мүдделеріне сай келетін заманауи құқықтық ортаны қалыптастыруға қосылған маңызды үлес болатынына сенімдімін.

Телеграм арнаға жазылыңыз
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыда Абдолла Қарсақбаевтың өмірі мен шығармашылығына арналған көрме ашылды

Бүгін 16:08

Алматыдағы Өнер академиясында діни экстремизмнің алдын алу мәселелері талқыланды

Бүгін 15:34

Алматыда жас спортшыларға экстремизмнің қаупі түсіндірілді

Бүгін 15:33

Алматыда студенттерге радикалды ағымдардың ықпалынан сақтану жолдары түсіндірілді

Бүгін 15:31

Алматылық оқушыларға әлеуметтік желідегі радикалды насихаттың қаупі түсіндірілді

Бүгін 15:22
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);