AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Алматыдағы Өнер академиясында діни экстремизмнің а...

Алматыдағы Өнер академиясында діни экстремизмнің алдын алу мәселелері талқыланды

Әлеумет Бүгін 15:34 18

Кездесуде жастардың сыни ойлау қабілетін дамытуға назар аударылды, деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі.

2026 жылғы 19 қазанда Темірбек Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясында діни экстремизмнің алдын алуға арналған дәріс өтті. Кездесу студенттердің діни сауатын арттыруға, деструктивті ағымдардың ықпалынан сақтандыруға және қоғамдағы өзара сыйластық құндылықтарын нығайтуға бағытталды.

Дәрісті Алматы қалалық ақпараттық-түсіндіру тобының мүшесі, әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің оқытушысы, философ Айжан Кудерина өткізді.

Маман студенттерге деструктивті діни ағымдардың негізгі белгілерін түсіндірді. Экстремистік идеялардың таралу тәсілдеріне тоқталып, олардың адамға және қоғамға тигізетін кері әсері туралы айтты.

Кездесуде жастардың сыни ойлау қабілетін дамытуға назар аударылды. Студенттердің ақпаратты саралап қабылдауы, оның мазмұнын талдай білуі діни сауаттылықпен сабақтастырыла қарастырылды.

Дәрістің тағы бір бағыты ұлттық және діни құндылықтардың өзара байланысына арналды. Қоғамдағы сыйластықты сақтау, әртүрлі көзқарас пен сенім өкілдеріне құрметпен қарау мәселелері қозғалды.

Айжан Кудерина құқықтық сауаттылықтың, білім мен тәрбиенің қоғамдық мәдениетті көтерудегі маңызын атап өтті. Сондай-ақ діни тұрақтылықты сақтауда осы бағыттардың өзара байланысы түсіндірілді.

Профилактикалық дәріс барысында студенттерге радикалды идеялардың қаупі туралы мағлұмат беріліп, деструктивті діни ағымдардың ықпалын болдырмау мәселелері кеңінен қарастырылды.

Телеграм арнаға жазылыңыз
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыда жас спортшыларға экстремизмнің қаупі түсіндірілді

Бүгін 15:33

Алматыда студенттерге радикалды ағымдардың ықпалынан сақтану жолдары түсіндірілді

Бүгін 15:31

Алматылық оқушыларға әлеуметтік желідегі радикалды насихаттың қаупі түсіндірілді

Бүгін 15:22

Алматыда Қазақстандағы денсаулық сақтау саласының алғашқы цифрлық шешімдер құзыреттілігі орталығы ашылды

Бүгін 15:20

Алматыда экстремизмнің алдын алуға арналған 17 іс-шара өтті

Бүгін 15:16
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);