Форум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Зейнетақы төлемінің мөлшері қандай екенін қалай бі...

Зейнетақы төлемінің мөлшері қандай екенін қалай білуге болады?

Әлеумет 13.03.2024, 04:15 2,141
Зейнетақы төлемінің мөлшері қандай екенін қалай білуге болады?
Сурет: Almaty-akshamy.kz. 

Лайықты демалысқа шығайын деп жатырсыз, бірақ зейнетақыны қалай рәсімдеу керегін және зейнетақы төлемінің мөлшері қандай болатынын білмейсіз бе?


Бұл сұрақтарға бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры (БЖЗҚ) жауап берді, - деп хабарлайды аlmaty-akshamy.kz Tengrinews-ке сілтеме жасап.


Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорында 2024 жылы әйелдер 61 жаста, ерлер 63 жаста зейнетке шығатынын айтты. Олар қазақстандықтардың зейнетақысы үш бөліктен тұратынын айтты:


Базалық зейнетақы – зейнет жасына жеткен барлық қазақстандықтарға түседі. Ол еңбек өтіліне және жинақтаушы зейнет жүйесіне қатысу өтіліне байланысты.


2024 жылы базалық зейнетақының минималды мөлшері 28 215 теңгені, максималды – 45 578 теңгені құрайды.


Ортақ зейнетақы – 1998 жылдың 1 қаңтарына дейін еңбек өтілі бар азаматтарға төленеді. Оның мөлшері еңбек өтілі мен орташа айлық кірісіне байланысты. 2024 жылы минималды ортақ зейнетақы 57 853 теңгені құрайды.


Жинақтаушы зейнетақы – азаматтардың жеке зейнетақы жинақтарынан төленеді және ол олардың жинаған құралдарының көлеміне байланысты. Жинағы қаншалықты көп болса, зейнетақысы соншалықты көп болады.


Болашақ зейнетақыңыздың мөлшері шамамен қанша болатынын білгіңіз келсе, БЖЗҚ сайтындағы зейнетақы калькуляторын қолдануға болады:



"Мысалы, қазір жасыңыз 59-да, еңбек өтіліңіз 1998 жылға дейін 9 жылды құрайды. Айына орташа 200 мың теңге жалақы аласыз және жинақтаушы жүйедегі өтіліңіз – 17 жыл. Шамамен жинағыңыздың сомасы – 4 800 000 теңге. Осы мәліметтерді зейнетақы калькуляторына енгізіп, "есептеу" батырмасын басамыз. Зейнетке шығатын 63 жасқа 2028 жылы толатыныңызды көреміз. Жиынтық зейнетақыңыздың мөлшері шамамен 123 618 теңгені құрайды".



БЖЗҚ-да зейнеақы төлемдерін рәсімдеу үшін "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясына барып, өтініш беру керегін айтты.



Телеграм арнаға жазылыңыз
#зейнетақы #төлем #рәсімдеу #Еңбек өтілі
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Елімізде жаңа Конституцияға байланысты бірқатар заң қабылданады

Бүгін 10:24

Алматыда «жасыл» энергетикаға арналған халықаралық арт-көрме өтеді

Бүгін 09:34

Алматыда қазақ жазушылары марапатталды

Бүгін 09:07

Мемлекеттік қызметке қабылдау онлайн форматқа өтті

Бүгін 09:00

Бүгін еліміздің 13 өңіріне дауылды ескерту жарияланды

Бүгін 08:54
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика