ffin.kz

Заманауи сервистік бағдар

Заманауи сервистік бағдар almaty-akshamy.kz

Президент тапсырмасы


Оның негізгі принциптері – заңдылық, хабардарлық және жеделдік


Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Ішкі істер министрінің бірінші орынбасары Марат Қожаев ішкі істер саласын цифрландыру туралы баяндады.


      Спикердің  айтуынша, саланы цифрландыру арқылы бюрократиядан арылту және оңтайландыру процесі басталған. Нәтижесінде полиция қызметкерлерінің назары құқықбұзушылық профилактикасына, яғни басты міндеттерін орындауға бағытталуда.



  • «Барлық полиция бөлімшелері бейнебақылау камераларымен жабдықталған. 18 мыңнан астам бейнекамера орнатылған. Бұл жұмыс қылмыстық атқару жүйесіндегі мекемелерде де іске асырылуда. Бейнебақылаудың арқасында 14 мың оқиға мен заң бұзушылық анықталды,  79 суицид пен 11 түрмеден қашу әрекетінің жолы кесілді».


Азаматтардың қауіпсіздігі үшін мектептер мен қоғамдық орындарда да бейнебақылау камералары орнатылып жатыр. Сонымен қатар, жол қозғалысын қадағалау процесі де цифрландырылуда. Атап айтқанда, жол қозғалысы ережелерін бұзу фактілерін анықтайтын автоматты жүйелер саны артқан, бүгінде олардың саны 18 мыңнан асады. Өткен жылдың өзінде осы жүйелер арқылы 4 млн астам заң бұзушылық анықталған. «Мұндай камералар жүргізушілерді тәртіпке келтіріп жатыр. Бұл ретте құқық бұзушы мен полиция арасында тікелей байланыс жоқ, яғни заңсыз шешім қабылдауға мүмкіндік те жоқ», – деді министрдің орынбасары.


Оның айтуынша, патрульдік көліктерде орнатылған мобильді автоматты радарлар да осындай принцип бойынша жұмыс істейді. Қазір елімізде мұндай 84 құрал бар, олар өз тиімділігін жақсы көрсетіп жатыр. «Осындай бір ғана заманауи радар орта есеппен 20–25 автопатрульге тең келетін бұзушылықтар санын анықтайды. Қандай да бір түзетулер енгізу немесе фотосуреттер мен бейнедеректерді жою мүмкіндігі жоқ. Бұзушылықтар туралы ақпарат дереу, автоматты түрде Бас прокуратураның арнайы есептер комитетіне жіберіледі», – деді М.Қожаев.


Сонымен қатар, еліміздің 16 қаласында «Қорғау – қауіпті жүргізуші» бағдарламасы енгізілген. «Мысалы, қауіпті жүргізуші жол ережесін бірнеше рет бұзып келе жатса, қорғау жүйесі ол туралы инспектордың планшетіне дереу хабарлама жібереді. Полиция қызметкері дереу әрекет етіп, қайғылы жағдайдың жолын кеседі. Осындай шаралардың арқасында жол-көлік оқиғаларының саны 11%-ға, қаза тапқандар саны 7%-ға, жарақат алатындар 16%-ға азайды, жаяу жүргіншілер арасында қаза болғандар 24%-ға төмендеді», – деді ішкі істер саласының өкілі.


Бұдан басқа, полицейлер арнайы мобильдік қосымшасы бар заманауи бейнетіркегіштермен жабдықталған. Соның арқасында олар жедел басқару орталығына оқиға орнынан онлайн трансляция жібере алады. Олардың бұл бейнелерді жоюға және өңдеуге мүмкіндігі жоқ.


 



  • «Азаматтарға ыңғайлы болу үшін 102 мобильді қосымшасы әзірленіп, іске асырылды. Бұл мобильді қосымшада SOS түймесі көзделген. Егер бір оқиға болып, сол түймеге басып, қоңырау шалынса, оператор өтініш берушінің орналасқан жерін дербес анықтап, оқиға орнына жақын жердегі полиция жасағын жіберуге мүмкіндігі бар. Бүгінгі күні осы қосымша арқылы 206 мың хабарлама келіп түсті, оның ішінде 55 мыңнан астам хабарлама түрлі мессенджерлер арқылы түскен».


 



  • Қылмыстық іс жүргізу кодексіне енгізілген өзгерістер қылмыстық істерді тергеудің толық бейнеформатына көшуге негіз болады.

  • ІІМ халықты қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету тұжырымдамасын бірге талқылауға шақырады.


 


Брифингте Марат Қожаев елімізде тіркелетін барлық қылмыстық істердің 96%-ын, ал әкімшілік өндірістердің 97%-ын ішкі істер органдары жүргізетінін айтты. Оған қоса, мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің 39 түрі бойынша жыл сайын 10 млн астам қызмет көрсетіледі. Яғни халықпен ең жиі және тығыз жұмыс істейтін орган – ол полиция.



«Біздің қызметкерлердің іс-әрекетіне қарап билік туралы жалпы көзқарас қалыптасады. Соны ескеріп, қазір Қазақстанның полициясы заманауи сервистік модельдерге көшіп жатыр. Оның негізгі принциптері – заңдылық, жан-жақтылық, әдептілік, хабардарлық және жеделдік. Бұл қоғаммен бірге қауіпсіздікті қамтамасыз ету тұжырымдамасында көзделіп отыр», – деді М.Қожаев.



Тұжырымдаманың басты ерекшелігі – қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласында жиналған жүйелік проблемалардың себебін жоюға бағытталуы. Стратегиялық құжаттың негізгі бағыттары – құқықтық бұзушылықтың түпкі себептері мен жағдайларын жою арқылы азаматтардың өмірін, денсаулығын және мүлкін қорғау деңгейін арттыру, азаматтардың үмітіне сай келетін жаңа форматтағы полиция құру болып отыр. «Құжат жобасы ІІМ сайтында жарияланған, құжатты талқылауға барлық белсенді азаматтарды шақырамыз», – деді Ішкі істер министрінің бірінші орынбасары.


Брифингте халықтың қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша жұмыстардың тиімділігін арттыру үшін ішкі істер органдарында ішкі жүйелікті қайта құру туралы айтылды. Бүгінде Мемлекет басшысының тапсырмасы аясында халықтың қауіпсіздігін қамтамасыз ету тұжырымдамасы әзірленуде. Оның негізгі бағыттарының бірі қылмыстық процесті оңтайландыру болып табылады. Қазірдің өзінде қылмыстық істердің 90%-ы электрондық форматта тергелуде, биыл 19 мамырдан бастап тергеудің бейнеформатын енгізу жоспарлануда. Бұл туралы журналистің сұрағына берген жауабында ІІМ Тергеу департаментінің басшысы, полиция генерал-майоры Санжар Әділов айтып берді. Президенттің тапсырмаларын орындау бойынша бірінші кезектегі іс-шаралар жоспарының новеллаларының бірі тергеушінің қысқаша хаттама жасау құқығын енгізу болып табылады.


ІІМ Тергеу департаментінің басшысы атап өткендей, бұрын оқиға болған жерді тексеруден бастап, жауап алу, бетпе-бет жүздестіру және т.б. сияқты негізгі тергеу әрекеттеріне дейінгі тергеу әрекеттерін жүргізуге көп уақыт жұмсалған. Тергеу әрекеттеріне қатысушылар хаттаманың дайын болуын бірнеше сағат күтуге мәжбүр болды. Енді барлық тергеу әрекеттері басынан аяғына дейін видеоға жазылады. ҚПК-нің 199-бабына енгізілген түзетуге сәйкес, тергеуші тергеу әрекеттерінің қысқаша мазмұнымен тергеу әрекеттері видеосының қысқаша хаттамасын жасайды. Бұл аз уақыт алады. «Ең маңыздысын айтар болсам, біз қарапайым полиция тергеуіне көшуге дайындалып жатырмыз. Қылмыстық іс жүргізу кодексіне енгізілген өзгерістер тергеу органдарының қылмыстық істерді тергеудің толық бейнеформатына көшуіне негіз болады», – деп түйіндеді ІІМ Тергеу департаментінің бастығы.


«АҚШАМ-АҚПАРАТ».


(Дереккөз: ortcom.kz).


 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнату
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

19:02

18:44

18:21

18:04

17:49

17:33

16:55

16:55

16:37

16:15

16:07

15:58

15:19

15:05

14:30

14:22

14:14

13:35

13:10

12:49

12:43

12:32

12:21

12:04

11:51