AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Ынтымақтастық көкжиегі кеңеюде

Ынтымақтастық көкжиегі кеңеюде

Әлеумет 04.11.2021, 06:11 1,484 Рая Ескендір
Ынтымақтастық көкжиегі кеңеюде
almaty-akshamy.kz

Алматыда Орталық Азиядағы энергетика мен су ресурстарының инновациялары мен жаңғыртылуы бойынша халықаралық форум өтті. Аталмыш форум жұмысын ҚР Ұлттық Ғылым академиясы, Жасыл технологиялар мен инвестициялардың халықаралық орталығы, Қазақстан–Британ университеті ұйымдастырды.


Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев биылғы жылғы халыққа арнаған Жолдауында «Үкімет суды пайдалануды реттеу және оны үнемдеу технологиясын енгізу жұмысын ынталандыру үшін нақты шешімдер әзірлеуге тиіс» деп нақты көрсеткен еді.


Бүгінде Орталық Азия елдері 2030 жылға қарай орнықты даму мақсатына қол жеткізу үшін экономикалық қайта құруларға кешенді тәсілдерді қолдану арқылы қол жеткізуге болатынын айқын түсініп отыр. Мәселен, таяуда ғана Орта Азия мемлекеттерінің басшыларының қатысуымен Түркменбашы қаласында өткен кеңесте көліктранзит, сауда, туризм, инновациялық, энергия үнемдейтін, электронды технологиялар мен өзге де басымдықтарды енгізудің маңыздылығы туралы жан-жақты талқылаған еді. Үш күнге созылған форум барысында қатысушылар Орталық Азия елдерінде энергетикалық, су және жер ресурстарын тиімді дамытудың жолдарын талқылады.


Сонымен қатар, жаңартылған энергия көздері, энергияны көп қажет ететін салаларды декорбонизациялау, сумен байланысты салалардағы өзекті мәселелер де әңгіме өзегіне айналды. Жеке және қаржы секторлары өз көзқарастарын білдіріп, мүмкіндіктер туралы өз ойларын ортаға салды. Форум жұмысында ҚБТУ ректоры м.а. (Басқарма төрағасы) Маратбек Ғабдуллин, БҰҰ ЕЭК атқарушы хатшысының орынбасары Дмитрий Марьясин, Солтүстік және Орталық Азия Субөңірлік кеңесінің басшысы Николай Помощников, «БанкЦентрКредит»АҚ Директорлар кеңесінің және Бақылау кеңесінің төрағасы Бақытбек Байсейітов, тағы басқа да қатысушылар сөз сөйледі.


Жалпы, халықаралық форумның басты мақсаты – 2030 жылға дейінгі кезеңде Орталық Азияда тұрақтылықты қамтамасыз етіп, экономикалық ынтымақтастық пен жасыл технологиялардың даму саласындағы шешімдерді қолға алып, тетіктерін нақтылау. Сондай-ақ, форумдағы ұсыныстар жақын арада болатын Орта Азия экономикаларына арналған бағдарламаның Басқарушы кеңесінің отырысында жан-жақты талқыланатын болады.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Қазақ #британ #Ынтымақтастық
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Ақжар ықшамауданында суық су болмайды

Бүгін 14:14

Кей қазақстандықтар құмар ойынға қатыса алмайтын болды

Бүгін 12:04

Тоқаев Король Виллем-Александрды Нидерландтың ұлттық мерекесімен құттықтады

Бүгін 11:52

Алматыда биыл тұрғын үйлерге 300-дей тексеріс жүргізеді

Бүгін 11:36

Халықаралық заманауи өнер көрмесі өтті

Бүгін 11:02
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика