AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Үш мыңнан астам адам баспаналы болды

Үш мыңнан астам адам баспаналы болды

Әлеумет 05.01.2023, 10:51 1,129
Үш мыңнан астам адам баспаналы болды
Сурет: Ult.kz

Қалада әлі тұрғын үйге кезекте 38 139 азамат тұр.


Алматыда 3 мыңнан астам адам жеңілдетілген бағдарламалар бойынша баспаналы болды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz


2022 жылдың қорытындысы бойынша, түрлі жеңілдетілген мемлекеттік бағдарламаларды жүзеге асырудың арқасында Алматыда көп балалы және аз қамтылған отбасылар мен жұмысшы жастарды қосқанда 3167 адам қоныс тойын атап өтті.



«Шаңырақ» (5-10-20) және «Бақытты отбасы» (2-10-20) несиелік бағдарламалар  бойынша тұрғын үйді тиісінше 1988 және 162 адам сатып алды. «Алматы жастары» жастар бағдарламасына 971 адам қатысты. Жалдамалы баспана алу құқығын 46 алматылық  пайдаланды. 



«Шаңырақ» (5-10-20) және «Бақытты отбасы» (2-10-20) кезекте тұрғандар үшін жеңілдікті бағдарламалардың әкімшісі «Отбасы Банк» АҚ болып табылады. Әкімдікте есепте тұрған, тұрғын үйге мұқтаж азаматтар «Шаңырақ» пилоттық жобасының қатысушылары бола алады. Соңғы алты айдағы әрбір отбасы мүшесінің табысы айына 3,7 ең төменгі күнкөріс деңгейінен аспауы керек. Тұрғын үйді кез келген жаңа тұрғын үй нысандарынан сатып алуға болады. Оларды әкімдіктер, «Шаңырақ» бағдарламасы аясында да, жеке құрылыс жүргізушілер де сала алады. Тұрғын үйді үлестік қатысу шарты бойынша да сатып алуға болады (пайдалануға берілмеген), бірақ құрылыс салушыда тұрғын үй құрылысының Бірыңғай операторы – «Қазақстандық тұрғын үй компаниясы» АҚ кепілдігі болған жағдайда ғана.


«Бақытты отбасы» (2-10-20) бағдарламасы бойынша тұрғын үйге көп балалы отбасылар, І және ІІ топтағы мүгедек адамдар, жетім балалар және мүгедек балалары бар немесе оларды тәрбиелеп отырған отбасылар үміткер бола алады. Тұрғын үйді өтініш беруші әкімдікте кезекте тұрған аймақта ғана сатып алуға болады. Кезек тізімін Shanyraq бөліміндегі kezekte.kz веб-сайтынан тексеруге болады Негізгі табыс болған жағдайда несие беріледі. Негізгі табыс еңбек және/немесе кәсіпкерлік қызметтен түсетін табыс болып табылады. Осы бағдарламаларға қатысу шарттары туралы толығырақ ақпарат банктің сайтында жарияланған.


Сонымен қатар, Алматы қаласында жастарды қолдау үшін екі тұрғын үй бағдарламасы іске асырылуда, олар: «Алматы жастары» жеңілдікпен кредиттеу және 29 жасқа дейінгі жұмыс істейтін жастарға сатып алу құқығынсыз жалға берілетін тұрғын үй.  


Алматы қаласының әкімдігі тұрғын үйге мұқтаж азаматтарға көрсетілетін көмек көлемін дәйекті түрде арттырып келеді. 2023 жылы мемлекеттік бағдарламалар бойынша 5266 адамды тұрғын үймен қамтамасыз ету жоспарлануда: 
«Шаңырақ» (5-10-20) және «Бақытты отбасы» бағдарламалары
бойынша несиелік тұрғын үйді 2715 отбасы алатын болады; - 401 отбасыға (көпбалалы отбасыларға отбасыларға - 185 пәтер, халықтың әлеуметтік осал топтарына - 216 пәтер) жалға берілетін пәтер беру жоспарлануда;
- «Алматы жастары» бағдарламасын кемінде 1100 адам пайдаланады
(әкімнің шешімімен 2023 жылдан бастап денсаулық сақтау және білім беру саласының қызметкерлері үшін 100 пәтерге көбейтілді); 
- 29 жасқа дейінгі жұмыс істейтін жастар үшін 1050 пәтерді жалға беру беру жоспарлануда
Бүгінде Алматыда тұрғын үйге кезекте 38 139 азамат тұр.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Алматы #баспана #кезек
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматы облысында полицей әйелін көлікпен қағып өлтірді деген күдікке ілінді

Бүгін 11:11

Алматыда алдағы күндері ауа райы қандай болмақ?

Бүгін 10:31

Туған күнін тойламайтын Тоқаев

Бүгін 09:30

Жауын-шашынды жасанды түрде көбейту жобасының салтанатты іске қосу рәсімі өтті

Кеше 21:14

Рысқұлбеков көшесінің бір бөлігі уақытша жөндеуге жабылады

Кеше 19:05
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);